{metadescription}
Елде электр қуаты қымбаттайды
Елде электр қуаты қымбаттайды

Елде электр қуаты қымбаттайды

Елде электр қуаты қымбаттайды. Энергетика министрлігі биылдан бастап шекті тарифтердің жаңа кестесін бекітеді. Бағаны көтеру жөнінде энергетикалық компаниялар біраздан бері айтып жүр. Яғни импорттық материалдар мен көмір қымбаттаған соң, тарифті де өзгертпесе болмайды деген уәж келтіреді. Жарық құны қанша теңгеге өседі?

Негізі 2025 жылға дейін барлық электр энергиясын өндіруші компанияларға шекті тариф бекітілген. Бірақ Қазақстандағы 40 шақты энергия өндіруші ұйымның бұл уақытты күткісі жоқ. Жарық құнын арттырып, бекітілген кестені өзгерту туралы өтініштерін энергетика министрлігіне жолдапты. Бұл уәжге шенеуніктер де келісе қойды. Әрі тариф жеті жылға бекітілгенімен, шекті талапты кез келген уақытта өндірушінің өтініміне қарай өзгерте салса болады екен.

Айдос Дәрібаев, ҚР ЭМ Электроэнергетиканы дамыту департаментінің директоры:

Бүгінде электр қуаттарының апатта істен шығуы, тұтынушылардың электр жабдықталуының сапасының төмендеуі және Қазақстан біртұтас электрэнергетикалық жүйесінің көрші елдерге тәуелділіктің ұлғаю жағдайы жиілеп кетті. 2020 жылы Қазақстанның біртұтас электроэнергетикалық жүйесінде 4458 техникалық бұзуға жол берілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл технологиялық бұзылу саны 448 немесе 11 пайызға артты.

Энергоөндіруші компаниялардың да тізіп отырғаны да осы. «Тарифті қалай да өсіру керек» деген олардың пайымынша, импорттық материалдар мен қосалқы бөлшектердің бағасы өсіп кеткен. Оның үстіне көмірдің құны да 9-10 пайызға қымбаттапты. Тозған желілерді жаңалау жұмысы тағы бар.

Тек мұндай уәжбен осы саланың сарапшылары келіспейді. Өйткені жұрттың қалтасын қағып алынған қаржы мақсатты жұмсалатынына сенім аз.

Жәнібек Байдолла, сарапшы:

- Негізінде тарифтің қымбаттауы қазақстандықтарға жаңалық емес. Коммуналдық қызметақы талай мәрте өсті, әлі де өсе бермек. Бірақ компаниялар бағаны шарықтатқанымен, күрделі жөндеу жасап жатқаны байқалмайды. Мүліктері сол кеңестік кездің сарқыншағы, тозып біткен. Сондықтан мемлекет тариф өскен соң, сол өсімнен өндірілетін қаржының сауатты жұмсалуын қадағалауды қолға алуы тиіс.

Мамандардың қазіргі пайымынша, егер ұсынылып жатқан жаңа тариф бекітіліп кетсе, Қазақстандағы жарықтың құны қазіргі орта есептен 300-400 теңгеге дейін өсуі әбден мүмкін.

Жарықтың жаңа бағасы наурыздың 25-не дейін талқыланады. Содан кейін Қазақстандағы электр қуатының нақты қанша теңгеге қымбаттайтыны айтылып, түзетілген тариф тағы 7 жылға бекітіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде