{metadescription}
Сәуірден бастап зейнетақы төлемі басқаша есептеледі
Сәуірден бастап зейнетақы төлемі басқаша есептеледі

Сәуірден бастап зейнетақы төлемі басқаша есептеледі

Сәуірден бастап зейнетақы төлемі басқаша есептеледі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептеудің жаңа әдісін жариялады. Қор басшылығы мұны жыл сайын зейнетақы төлемін арттыру үшін жасалып отыр деп түсіндірді.

Жаңа әдіс бойынша, зейнетақы қорындағы бүкіл жинағынан 6 жарым пайызы бір жылдық төлем болып есептеледі. Яғни жинағыңызда 6 миллион теңге болса, оның 6 жарым пайызы 390 мың теңгені 12 айға бөліп аласыз. Демек 6 миллион теңге жинағы бар адам айына 32500 теңге алып отырады. Одан кейін жыл сайын зейнетақысы 5 пайызға көбейіп отырады. Ал зейнетақы төлемін алу құқығын 2018 жылға дейін рәсімдеген азаматтарға төлем басқаша есептеледі. Оларға бір жылда алатын зейнетақысының көлемі ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды.

Зейнетақы төлемін алу құқығын 2018 жылғы 1-қаңтардан бастап, 2021жылғы 31-наурызға дейін рәсімдеген азаматтарға 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап басқаша есептеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде