Лауазымды бажасына сеніп, жол ережесін бұзған – Түркістан облысы
Лауазымды бажасына сеніп, машинасыз қалды. Түркістан облысында 25 жастағы тұрғын полицияда істейтін туысына сеніп, жолдың қарсы бетімен жүрген. Тіпті полицияға ұсталған кезде де бажасының атын айтқан ол: «Құжаттарым жоқ, ал не істейсің?» деп, доқ көрсеткен.
Автор: Бек Әбиев
09.03.2021
- Шәуілдір, жолдың қарсы беті. Сал, сториске.
- Салып келе жатырмын ғой.
- Не болды?
- Құжаттарыңыз?
- Қазір Жұмабек келеді. Жұмабектің бажасымын.
- Құжаттарыңыз?
- Жұмабекке хабарлас.
Оқиға Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында болған. Көлікпен жолдың қарсы бағытына шыққан жігіттер бұл әрекеттеріне масаттанып отырғаны байқалады. Өздері бұл «ерлігін» әлеуметтік желіге саламыз деп бөсіп отыр. Жұмабек Төлеген деген полиция майоры осы аудандағы әкімшілік полицияның бастығы екен. Бірақ лауазымды бажасының тигізген пайдасы шамалы. Көп ұзамай, ұсталған бажаға қатысты бірнеше баппен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Ал көлігі айып тұрағына жеткізілген жігіттің өзі кешірім сұрап құтылмақшы.
- Шәуілдір ауылына қонаққа келген едім. Білместікпен жолдың қарсы бетіне шыққанмды мойындаймын. Енді бұлай қайталанбайды. Істегеніме өкінемін. Полиция қызметкерлерінен кешірім өтінемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!