{metadescription}
Карантинде саяхатқа бара алмай қалған туристер шу шығарды
Карантинде саяхатқа бара алмай қалған туристер шу шығарды

Карантинде саяхатқа бара алмай қалған туристер шу шығарды

Алматыда туристер мен турагенттіктің кездесуі төбелеспен аяқтала жаздады. Бір топ адам Түркияға отбасымен саяхаттап қайтуға былтыр қаңтарда жолдама сатып алған. Алайда карантиннің кесірінен саяхат кейінге қалдырылған.

Бірақ әуе жолдары ашылған күннің өзінде туристер төлеп қойған демалысына сол күйі қол жеткізе алмаған. Өйткені турагенттік бағаның қымбаттағанын алға тартып, тағы үстеме ақша сұрап отыр. 

Алина Шахворостова Аланьяда тоғыз күн армансыз демалу үшін былтыр 840 мың теңге төлеп қойған. Алайда Түркияның орнына осымен бір жыл үшінші ай турагенттіктің табалдырын тоздырып жүр. Айтуынша, жазда жолға шығуға карантин кедергі келтіріпті. Ал демалысты ол несиеге алған. Онысын әр ай сайын 85 мың 600 теңге төлеп, бір жылда жауып та қойған. 

Алина Шахворостова:

- Біз бес жұлдызды қонақ үйді таңдап алдық. Турдың ішіне әуе билетінің құны мен тамағы да кірді. Турды өзіме және екі балама деп арнап сатып алдым. Ақшасын түгел төлеп қойдым. Міне, бір жылдан асты, әлі бара алмай жүрміз. Турфирма: «Демалыс құны қымбаттады, үстіне тағы төле» - дейді. Ол ақшаны қайдан табамын? Егер жібермесе, ақшамды қайтарсын! Бірақ ақшамды да қайтармай жатыр.

Жолдамасының ақшасын төлеп қойып тентіреп жүрген жалғыз бұл келіншек емес. Ақшасын даулаған бір топ турист бүгін турагенттіктің кеңсесіне басып кірді. Бәрі де тура бір жыл үш ай бұрын осы үстелдің басында отырып тур таңдаған. Ал оларға шай құйып, тәттімен баптаған менеджер енді «кетіңдер» деп байбаламға салды.

- Кетулеріңізді сұраймын! Түсіруге рұқсат бермеймін!

Туристерге жолдама сатқан «Тудей тревел» фирмасы. Белгілі болғандай, былтыр аталмыш компаниямен 600 саяхатшы ұшуы тиіс болған. Алайда карантиннің кесірінен демалыс кейінге қалдырылған. Одан қалды, саяхаттың құны қымбаттай түсіпті. Үстеме ақы төлеуге келіскен бай-бағландар баяғыда ұшып барып келіпті. Ал қалғанына кілең арзан отельдер бұйырған.         

Анар Омарбекова, турфирманың сату бөлімінің жетекшісі:

- Біз ұсынған отельдер олардың көңілінен шықпай жатыр. Түркияда баға қымбаттап кетті. Отельдердің құны 20 пайызға өсті. Олар қалаған отельге орналасуға үстеме тағы 300 мың төлеуі тиіс. Бірақ клиенттің өзі оған келіспей жатыр.

Бірақ азаматтардың арзан жерге барғысы жоқ. Турагенттіктің де баға айырмашылығын төлеуге қалтасынан көп тиын шығарғысы жоқ. Ал төленіп қойған жолдама ақысын тек жылдың соңында бір-ақ қайтара алады екен. Оның өзінде соманың жартысын ғана. Бірақ Алина Шахворостова онымен келіспейді. Сондықтан турист пен турагенттік өкілі сотта кездесетін болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.