Құрылыс материалдары неге қымбаттады?
Мәжілісмендерді құрылыс материалдарының қымбаттап жатқаны шошытты. Олар енді тұрғын үй қүны одан сайын шарықтайды деп алаңдайды. Сондықтан Үкіметтен құрылыс материалдарының бағасын реттеуді сұрады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.03.2021
Цемент бағасының шарықтауы гипсокартон, сылайтын заттардың құнына да әсер еткен. Құрылыс материалдары нарығындағы бұл жағдай пәтерлердің, үйлердің өзіндік құнының қымбаттауына алып келеді. Сондай-ақ мемлекет балабақша, мектеп, аурухана салуға ақшаны көбірек жұмсауға мәжбүр болады. «Бұл мәселені Үкімет реттеуі керек», - дейді мәжілісмен Жамбыл Ахметбеков. Сонымен қатар депутат құрылысшылар арасында кадр тапшылығын байқаған. Қазақстанға 200 мыңнан астам құрылысшы жетіспейді. Ал салалық оқу орны түлектерінің құрылыста жұмыс істегісі жоқ.
Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:
- Көптеген колледж оқушылардың кәсіби бағдарын шыңдамайды, нысандарда кәсіби тәжірибеден өту мүмкіндігін қарастырмайды. Бүгінде Қазақстан Құрылысшылар одағының ақпаратына қарасақ, еліміздің құрылыс саласына 242 мың маман жетіспейді. Бұл салаға келетіндер аз. Өйткені жалақы төмен, әлеуметтік кепілдендіру және еңбек құқы сақталмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!