{metadescription}
Аналарды алдаған «Ақ сенім». Заңгер кеңесі
Аналарды алдаған «Ақ сенім». Заңгер кеңесі

Аналарды алдаған «Ақ сенім». Заңгер кеңесі

Өзгенің тағдырынан табыс тапқандар! Алматыда қайырымдылық ұйымы көмектесер деп сеніп, артынан сан соққан көп балалы, жалғызбасты аналар көбейді. Айтуларынша, әлдебір еріктілер ауыр тағдырын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды. Кейін жиналған соманың негізгі бөлігін қалтасына басып жоқ болады. Не алданғанын, не ақша алғанын түсінбеген аналар не істерін білмей отыр.

- Жалдамалы пәтерден шаршадық. Енді осындай «еріктілер» көмектесіп, халықтан көмек сұраймыз дегендерге сеніміміз жоқ.

Бес баласымен қуықтай пәтерде күн кешкен Ақайша Бейсенбаева көзіне еріксіз жас алды. Бүлдіршіндердің екеуі мүгедек. Тағдыры қиын екенін естіп, оған «Ақ сенім» атты қайырымдылық ұйымы көмектесеміз дегенде қатты қуанған. Олар келіп, әлеуметтік желідегі жұртқа жағдайын айтқан видео жариялапты. Бірақ түптеп келгенде «Ақ сенім» сеніміне селкеу түсірді дейді көпбалалы ана.

Ақайша Бейсенбаева:

- Қаржылай көмек салып жатырмыз, сені көріп жатырмыз деді, елдің бәрі маған телефон соға бастады. Жанымдағы көршілер де. Сосын мен олардан сұрап едім, олар: «Сізге еш көмек түскен жоқ, бір теңге де түскен жоқ» - деді. Мен сотқа берем, арыз жазам деген соң, бір аптадан кейін біздің видеомыз жоқ, ол жерден алып тастаған.

Ақайшаның айтуынша, оны шулатпау үшін кейін 100 мың теңгедей көмек көрсеткен. Артынша мүлдем жоқ болған. Әлеуметтік желіде «Ақ сенім» көрсеткен мекенжайға бардық. Бірақ, бизнес орталықта ондай ұйым атымен жоқ болып шықты.

- «Ақ сенім» деген қорды білмеймін.

- Жоқ па?

- Ондай жоқ.

Телефон нөмірлері де өшірулі. Интернеттегі мұндай ақша жинайтын ұйымдардан бөлек, мүгедек балалардың суретін жәшікке жабыстырып, көше кезетіндер де соңғы кезде Алматыда еселеп артыпты. Бірақ әңгімеге тартайын десең, ат-тонын ала қашады.

- Ол менің өз немереме.

- Немереңізге біз енді көмектесеміз.

- Рақмет. (сөйлеспей кетіп бара жатыр)

Заңгерлер алаяқ еріктілердің қақпанына түспеу үшін, алдымен егжей-тегжей ол ұйымды тексеруге кеңес береді. Аты бар да, заты жоқ қайырымдылық орталықтарының дені тіпті тіркелемеген де болуы мүмкін. Ал «алдандым» деген жағдайда міндетті түрде арыз жазу керек дейді Сергей Уткин.

Сергей Уткин, заңгер:

- Он адамның біреуі ғана арыз жазуға дейін баруы мүмкін. Қалғаны тергеуге уақытын құртқысы келмей, қолын бір сілтейді. Негізінен қайырымдылық ұйымдары Әділет министрлігінде тіркелуге тиіс. Қанша табыс түсті, құрамында қанша адам бар, осы секілді ақпаратты қалаған адамның білуге құқығы бар.

Ақайша Бейсенбаева сенімінен шыққан «Ақ сенім» ұйымына өзі секілді өзге аналардың алданып қалғанын қаламайды. Айтуынша, учаскелік полицейге арыз жазғанмен, мұндай істі әкімшілік сот қарайды деп қабылдамай қойыпты. Алматының полиция департаменті де бұл қайырымдылық ұйымына қатысты әзір ешқандай, ешкімнен арыз түспегенін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде