«Қазақалтыннан» 1,5 миллиард ұрлаған бухгалтер ұсталды
«Қазақалтын» кен байыту комбинатынан 1 миллиард 533 миллион теңгені ұрлап кеткен бухгалтер ұсталды. 37 жастағы келіншек ізін біржолата суыту үшін күйеуі мен үш жасар қызын алып тайып тұрыпты. Алдайда қомақты қаржыны қалтаға басып, екі аптадан бері іздеуде жүрген ерлі-зайыптылар Нұр-Сұлтан қаласында жалдамалы пәтерден табылды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
10.03.2021
Алтын өндіру компаниясының қаржы бөлімінде істейтін Динара Бегалина аса ірі көлемдегі қаражатты бөтен біреудің есеп-шотына аударған. Сөйтіп күйеуі мен қызын алып таксимен елордаға жетіпті. Қаладан пәтер жалдап, екі аптадан бері тығылып жатқан. Алайда тәртіп сақшылары екеуін де ұстады. Ал басқа біреудің есепшотында жатқан ақшаның мұрты бұзылмаған. Қазір 1,5 миллиард теңгеден астам ақшасы бар есепшот бұғатталды. Енді қомақты қаражатты «Қазақалтынға» қайтару рәсімделіп жатыр. Есепші күйеуімен бірге уақытша қамау абақтысына жабылды.
Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Тергеу әлі жалғасып жатыр. Аталған қылмысты есепші бір өзі істемеген. Қатысы барлар тізбектеліп кете береді. Қазірдің өзінде бірнеше адам анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!