{metadescription}
Қымбат металлдардың заңсыз айналымына жазаны күшейтіледі
Қымбат металлдардың заңсыз айналымына жазаны күшейтіледі

Қымбат металлдардың заңсыз айналымына жазаны күшейтіледі

Елімізде заңсыз алтын іздеушілерге қатысты жаза қатаңдатылуы мүмкін. Ресей мен Беларусьте қымбат металлдарды заңсыз сатқандар түрмеге қамалса, бізде тек әкімшілік жазамен құтылады. Индустрия министрлігі жазаны күшейту мәселесін 5 жылдан аса шеше алмай жүр.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- 2016 жылдан бастап бағалы металл айналымы, заңсыз тасымал, қайта өңдеу үшін жауапкершілікті күшейтуде біз бірнеше рет бастама көтердік. Соған қарамастан Бас прокуратура қолдау көрсетпеді. Тек қатаң қорғалатын нысандарға енген жағдайларға ғана Әкімшілік кодекске 2019 жылы айыппұл енгізілді. Еуразиялық одақ елдері бұл мәселеде әр түрлі көзқарасты ұстанады. Жауапкершілікті үйлестіру жүргізіліп жатыр.

Бұрын Қылмыстық кодексте қымбат металлдарды заңсыз сатқандар 7 жылға бас бостандығынан айырылатын. Ал кейін өзгерген заңдағы жазаның жеңілдігінен ұрлық-қарлық көбейіп кетіпті. Мәжіліс спикерінің дерегінше, бір ғана «Қазақалтынның» өзінде 2015 жылдан 2020 жылға дейін 32 мыңнан астам заңсыз әрекет тіркелген. Алты мыңға жуық заңбұзушы ұсталып, полицияға тапсырылған. Олардың 80 пайызы қайта қылмысқа барыпты. «Бұл дерек тек бір ғана кәсіпорынға байланысты»- дейді Нығматулин. Ал Қазақстанда бағалы металл өндірумен айналысатындар көп. Сондықтан Төменгі палата төрағасы депутаттарға ешбір ұсыныспен келмеген шенеунікке шүйлікті.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Сіз нені күтіп отырсыз? Неге ұйықтап жатырсыз? Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі уәкілетті орган ретінде қымбат металдардың заңсыз айналымы үшін жазаны күшейтуге мүдделі болуы керек. Не министрлік, не үкімет бұл қылмысқа жазаны қатаңдату туралы ұсыныс берген жоқ. Сіз бұл мәселе туралы айтып қоймай, заңға түзету енгізу туралы бастама көтеруіңіз қажет. Біз сізді қолдаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде