Ақтөбеде автобус апатынан үш адам ауруханаға түсті
Ақтөбеде автобус жүргізушісі ірі көлік апатына себепкер болды. Соның салдарынан оның өзі мен тағы екі көліктің жүргізушісі ауруханаға түсті.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.03.2021
Жол көлік апаты Ақтөбенің орталығында болды. Қоғамдық көлікті тізгіндеген азамат бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Сол екпінмен барып жылу құбырының бетон бағанасына соғылған. Жол-жөнекей тағы бір «Тойота» көлігін қағып өтіпті. Жеңіл машина құлдилап барып «ВАЗ» көлігіне соғылған. Ақырында үш жүргізуші де түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Абырой болғанда автобус салонында жолаушы болмапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!