Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында – көктайғақ
Қарағанды облысындағы жолдар мұз құрсауында қалды. Күн райының құбылуы мен жауын-шашыннан тас жолдар көктайғаққа айналған. Соның салдарынан көлік апаты жиілеп, жылтыр жолда жылжи алмаған машиналар кептеліске түсті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
10.03.2021
Қарағанды - Нұр-Сұлтан тас жолында көлікпен емес, конькимен жүруге болады. Жауын-шашыннан кейін күн суытып, жолдар жылтыр мұзға айналған. Мұны көргендер желіде жүргізушілерді жолға шықпауға үгіттеп хабарлама таратып жатыр. Көтайғақта тізгінге ие бола алмай аударылғандар да бвр. Осыған қарамастан Қарағандыдан шығатын жолдар әлі жабылған жоқ.
Батыс Қазақстан облысында түнде осындай жағдай болды. Самара - Шымкент тас жолының Шыңғырлау ауданы аумағында 400-ге жуық көлік түнімен жолда тұрды. Көктайғақта көлік атаулы қарыс қадам жүре алмай, жел үрлеп тастаған қар құрсауында қалған. Құтқарушылар жіпсіз байланған көліктерді түннен бері сүйрелеп әуре-сарсаңға түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!