{metadescription}
Еңбек өтілі, зейнетақы аударымы жоқтар зейнетке шыққанда ақшасыз қалмайды
Еңбек өтілі, зейнетақы аударымы жоқтар зейнетке шыққанда ақшасыз қалмайды

Еңбек өтілі, зейнетақы аударымы жоқтар зейнетке шыққанда ақшасыз қалмайды

Еңбек өтілі жоқ әрі зейнетақы аударымы мүлдем болмаған азаматтар зейнетке шыққанда да қаржысыз қалмайды. Оған мемлекет кепіл беріп отыр. Сәуірден бастап зейнетақының жаңаша есептеу әдістемесіне сәйкес, ондай топтағылар белгілі бір мөлшердегі зейнетақы алатын болады.

Мысалы, зейнетке шыққан азаматтың қорында 6 миллион теңге жиналса, ол 6 жарым пайыз коэффициентке көбейтіліп, бір жылға бөлінеді. Сонда бір жыл бойы негізгі қорынан 32 500 теңге алатын болады. Ал жыл сайын енді зейнетақы 5 пайызға ғана өсіп тұрады.

Бірақ қазір зейнетақы алып жатқандарға ешқандай өзгеріс болмайды. Бұған дейінгі ереже бойынша еңбек өтілі жоқтар еліміздегі күнкөріс шегінің 54 пайызын құрайтын төлеммен қамтамасыз етіліп келген. Яғни 18 мың теңгелік зейнетақы алған. Ал сәуір айында енгізілетін жаңа әдістемеге сәйкес, зейнетақы аударымы мүлдем жасалмағандар күнкөріс шегінің 70 пайыздық көлемімен қамтамасыз етіледі. Ол қазір  22-23 мың теңгенің айналасында.

Арман Байғанов, экономист:

- Біздің елдегі күнкөріс минимумы деген тым мардымсыз. Оның есебі шынайы бағаларға үйлеспейді. Егер зейнетақы жүйесіндегі жаңа әдістемеге сәйкес, еш жерде жұмыс істемеген адам күнкөріс минимумының 70 пайызын алар болса, яғни 22-23 мың теңге, ол неге жетеді? Қарапайым азық-түлік корзинасын да ала алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.