{metadescription}
Азат Перуашев: Шығынға батқан кәсіпкерлер әрең күн көріп отыр
Азат Перуашев: Шығынға батқан кәсіпкерлер әрең күн көріп отыр

Азат Перуашев: Шығынға батқан кәсіпкерлер әрең күн көріп отыр

Мониторингтік топтардың тексерісінен кәсіпкерлердің мазасы қашып жүр. Төменгі палата депутаттары бүгін тағы да бақылаушылардың жұмысын сынға алды. Азат Перуашевтың айтуынша, пандемия кесірінен онсыз да шығынға батқан шағын бизнестегілер қазір күнін әрең көріп отыр. Депутат айыппұл мөлшерін қайта қарау қажет деген пікірде.

Теміртаудағы бір дүкенді мониторингтік топ өкілдері бір айда 18 рет тексерген. Алматы облысында базардағы сатушы бетпердесі иегіне түсіп кеткені үшін 670 мың айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Ал әйелдің бір күндік кірісі 5 мың теңгені құрайды екен. Бұл мәселе әлеуметтік желіде үлкен дау туғызғаннан кейін жаза алынып тасталды. Дегенмен қомақты айыппұл арқалағандар несие алып төлеп жатқан көрінеді. Перуашев айыппұлды адамның жеке табысына қарай белгілеу керек деп есептейді. Шетелдің өзінде айыппұл мөлшері құқықбұзушының кірісіне байланысты.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- «Мониторщик» мырзалар, сіздер өзі не ойлайсыз? Олар біздің мемлекеттің азаматтары емес пе? Жеке тұлғаларға салынатын әр әкімшілік айыппұлды азаматтың жеке табысын ескере отырып айқындауды ұсынамын. Яғни олар айыппұл мөлшері қарапайым адамның бір айлық жалақысының немесе жеке кәсіпкердің табысының 2-3%-нен, ең көп дегенде 5 пайыздан аспауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.