{metadescription}
Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус қайта күш алды
Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус қайта күш алды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус қайта күш алды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус қайта күш алды. Екі қала қазір індеттің таралуы бойынша қауіптің «қызыл» деңгейінде. Осыған байланысты, бұл өңірлерде шектеу шаралары күшейтіліп, Ұлыстың ұлы күніне орай мерекелік шара өткізуге тыйым салынды. Алматыда қауіпті індетті, әсіресе мектепке оралған оқушылар жаппай жұқтыра бастапты.

Кешелі бері Алматыда мұғалімдер мен полицейлерді коронавирусқа қарсы вакциналау жүріп жатыр. Бірақ бұл әзірге эпидемиологиялық ахуалға оң әсер ете алмапты. Соңғы тәулікте індет 700-ге тарта адамнан анықталса, соның 160-сы – Алматы тұрғыны. Осылайша қала қауіпті «қызыл» аймаққа қайта оралды. Мұнда вирустың өршуіне ауа райы да себеп дейді эпидемиологтар.

Әсел Қалықова, Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Күннің жылынуына байланысты қала ішіндегі және сыртындағы миграция көрсеткіші артты. Тұрғындар індетті көбіне қоғамдық көліктерде жұқтырып отыр. Яғни 18 пайызы автобустарда, ал 22 пайызы сауда орындарынан ауру арқалап шыққан.

1-5 сынып аралығындағы оқушылардың мектепке оралуы да жағдайды ушықтырып жіберді. Соның кесірінен 14 жасқа дейінгі алматылықтар арасында індет жұқтыру көрсеткіші 22 жарым пайызға артыпты.

Коронавирустың симптомсыз түріне шалдыққан науқастардың үй карантинін сақтамай, көше кезуі де қаланың «қызыл» аймаққа енуіне ықпал еткен. Осыған байланысты өңірде карантин шектеулерін қайта күшейтуге тура келді. Бас санитар дәрігердің қаулысы бүгін шығуы тиіс.

Нұр-Сұлтанда да қосымша шектеулер енгізілді. Мұнда да вирус қанат жайып, соңғы тәуліктің өзінде бұл диагноз 143 адамға қойылған.

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің №9 қаулысы:

- СПА-орталықтары мен массаж кабинеттеріне бір мезгілде келуші саны 3 адамнан артық болмауы тиіс. Компьютерлік клубтардың толымдылығы 50 пайыздан аспауы керек. Боулинг орталықтарына да осындай талап.

Қос қала «қызыл» аймақта болса, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар облыстары қауіптің «сары» деңгейінде тұр.

Қалған өңірлерде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты. Осыған дейін елімізде Covid-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 220 мыңнан асқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде