{metadescription}
Түркістанға полицейлер жетпей жатыр
Түркістанға полицейлер жетпей жатыр

Түркістанға полицейлер жетпей жатыр

Түркістанға полицейлер жетпей жатыр. Сенаторлар соның кесірінен туристік аймақта қылмыс одан сайын көбейіп, есірткі бизнесі есіреді деп күдіктенеді. Тәртіп сақшыларының санын 873-ке дейін арттыру үшін алдағы үш жылда 11 миллиард 300 миллион теңге қажет болмақ.

Бүгінде облыс орталығының тыныштығын 200-дей полицей қорып жүр. Жалпы қалада ғана емес, аймақтағы мамандардың жеткіліксіздігі этносаралық жанжалға әкеліп соқтыра жаздаған Шорнақ оқиғасы, Арыс қаласындағы оқ-дәрілердің жарылысы, Мақтарал және Төле би аудандарындағы су тасқыны кезінде қатты сезіліпті. Екі мемлекетпен шектесетін өңір арқылы авто және темір жолдары өтетіні тағы бар. Бұл есірткінің заңсыз айналымына әкеледі. Ал Түркістан қаласында жыл сайын келетін туристердің артуы қауіпсіздікті күшейтуді талап етіп отыр деді Әли Бектаев.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

Өкініштісі, полиция қызметкерлерінің саны нормативтерден әлдеқайда төмен, әр қызметкердің жүктемесі 2-3 есе жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны республика бойынша 386 болса, Түркістан облысында185. Бұл ең төменгі көрсеткіш. Тіпті халық саны жағынан Түркістан облысынан екі есе аз өңірлерде полиция саны екі есе жоғары. Ондай фактілер бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде