{metadescription}
Жаңа – «ТВ +» жобасына тек отандық мамандар жұмылдырылған
Жаңа – «ТВ +» жобасына тек отандық мамандар жұмылдырылған

Жаңа – «ТВ +» жобасына тек отандық мамандар жұмылдырылған

Еліміздегі ең ірі байланыс операторы IPTV технологиясымен қызмет көрсететін телевизиялық хабар тарату қызметін ұсынды. Жоба әрбір қазақстандыққа үйіндегі эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаны көруге мүмкіндік береді. «Қазақтелекомның» жаңа жобасын жасақтауда тек отандық мамандар жұмылдырылған.

«Қазақтелеком» өз абоненттеріне тамаша мүмкіндік ұсынып қуантып отыр. «ТВ +» – цифрлық телеарналардың топтамасы ғана емес, көрермендердің сүйікті бағдарламалары мен фильмдерін қай уақытта және қай жерде көруді ұйымдастыру мүмкіндігі. Ал абоненттік төлем таңдауыңызға қарай мың теңгеден басталады. Арнайы жеңілдіктері де бар.

Игорь Погребицкий, «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің бас директоры:

- Егер дәл осы қосымшаға қатысты тұтынушылармен бір жылға келісімшартқа отырсақ, бағасы мүлдем басқа болады. Ал екі, не үш жылға тұтынуға ниет білдіргендерге арзандау баға ұсынылады. Аталмыш жобаның келесі сатысы шетелдегі қазақстандықтарға қолжетімді болуды қамтамасыз ету. Осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз.

Отандық интерактивті ТВ алаңның пайда болуы қазақстандық контенттің дамуына серпін береді. Бұл тұста бірте-бірте дамып, тәуелсіз өз өнімін шығару деңгейіне жеткен Netflix және HBO компанияларының тәжірибесін айта кету керек. Байланыс операторы карантин уақытында «Аламан» спорттық турнирлар сериясын және «Карантиндегі жұлдыз» жобасын ұйымдастырды. Ал «ТВ+» бастамасы мүмкіндіктердің жаңа белесіне бастап отыр.   

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:

- Қаңтар айынан бастап бұл жобаны тұңғыш тұтынушылардың қатарындамын. Көңілімнен шықты әрі абонентерге ұсынылған мүмкіндіктері де көп. Бір қуантатыны, ІТ-платформаны жасақтауға отандық мамандар ғана жұмылдырылды. Әрі осы бастаманы одан әрі жетілдіріп, басқа да мүмкіндіктерімен қуантады деген сенімдеміз.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры қолдау білдірген жобаға қосылып, қызығын көремін дегендер смартфон, теледидар не компьютері арқылы қосыла алады. Ол үшін бар болғаны «ТВ+» қосымшасын жүктеп, тіркелу қажет. Ал «S TV» қондырғысы арқылы ескі теледидарларды да осы қосымшаға қосу мүмкіндігі бар.

Қосымшада балалардың контентін қалыптастырып, ата-ана бақылауын да орнатуға болады. Оның үстіне кез келген бағдарлама, не фильмдерді қазақ, орыс және ағылшын тілінде тамашалай аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде