Ақтөбеде ветеринарлар қаңғыбас иттерді өртеген
Ақтөбелік ветеринарлардың қаңғыбас иттерді өртеп жатқаны жұрттың ашуын туғызды. Ит аулаушылар ұсталған үй жануарларын пешке салып жағып жібереді екен.
Автор: Бек Әбиев
11.03.2021
- Не істеп жатырсыңдар? Ит атуға тыйым салған. Қараңдар, иттердің өлексесін өртеп жатыр. 4-наурыз, 2021 жыл. Паналайтын жерде, міне, иттерді қалай өшіктіріп жатыр.
Бұл видеоны «ЗООмама» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рабиға Сисенғалиева түсірген. Онда қаңғыбас ит пен мысықтан бөлек, асыл тұқымды төбеттерді де пешке жаққаны анық көрінеді. Тіпті қарғыбауымен жатқан үй жануарлары да бар. Бұл орталықта көшеден ауланған жануарлар қожайыны табылғанша ұсталуы тиіс. Алайда олар мақұлықтарды өлтіріп, өртеп отырған дейді белсенділер. Ал қаладағы ветеринария станциясының өкілдері ит өртейтін орталыққа шаң жуытпай отыр. Айтуларынша, қаңғыбас иттерді осында 20 күнге дейін ұстайды екен. Иесі табылмаса, улап өлтіріп, өлексені өртеп жібереді дейді ветеринарлар.
Галий Шагалин, Ақтөбе қаласы ветеринария станциясы директорының орынбасары:
- Үш иттің өлексесін біз көшеден әкелдік. Үш итті өз қожайындары арыз жазды. Бізге күнде-күнде түседі арыз. Сол үш ит келісіммен атылды. 20 күннен аса ұстадық. Күшіктер немен ауырып еді? Инфекциялық ауру.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!