Үш отбасы тасқыннан далада қалды – Алматы облысы
Алматы облысында тасқын үш бірдей отбасыны далада қалдырды. Қалың қар аяқ астынан еріп, соның салдарынан арнасынан тасыған су ауыл шетіндегі үйлерді шайған.
Автор: Аруна Ортай
11.03.2021
Тасқын түн ортасында Алматы облысындағы Қопа ауылында болған. Тұрғындар түсіріп алған кадрда көрініп тұрғандай, қызыл су үйдің іші-сыртын басып қалған. Күннің күрт жылынуының салдарынан қалың қар кенет еріп, ауыл шетіндегі үйлерге жетіпті. Құтқарушылар арық қазып, аулаларды судан тазартып жатыр. Тұрғындар да аман-есен өз үйіне оралған.
Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД ресми өкілі:
- Еріген судың төгілу қаупі жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!