{metadescription}
Алматыда есепшоттардан ақшаны жымқырған хакер ұсталды
Алматыда есепшоттардан ақшаны жымқырған хакер ұсталды

Алматыда есепшоттардан ақшаны жымқырған хакер ұсталды

Абайлаңыз, алаяқтықтың жаңа түрі! Алматыда ерекше жолмен өзгелердің есепшотындағы ақшаны жымқырған хакер ұсталды. Қолға түскен күдікті сауда-саттық сайтына жарнама берушілерді құрығына түсіріп, есеп шотындағы қаржысын үптеп кеткен. Интернет арқылы тауарын сатуға тырысқандар соңында алаяқтың құрбанына айналғанын сезбей қалады екен.

Ал полицейлер мұндай қылмыстық іспен бірінші рет бетпе бет келіп отырғанын жасырмады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Тәуелсіздік алғалы бері дәл осындай тәсілмен адамдарды алдап, арбап кеткен қылмыскерді бірінші ұстауымыз. Негізі бұл іс-шараны біз бір-екі күнде іске асырған жоқпыз. Алдымен ізіне түстік. Бұл адамдардың қандай жолмен сол адамдарды алдайтынына нақты көз жеткізіп барып ұстау шараларын жүргіздік. 

Өзгенің есебінен шалқып өмір сүрген 29 жастағы азамат қаладағы қымбат қонақ үйді мекендеп, қымбат көліктерді жалға алып тұрған. Тінту барысында одан 22 ұялы телефон, 2 жарым миллион теңгеге жуық ақша, өзгенің атындағы 18 банк картасы, 21 қолданылған және 500 жаңа SIM карта тәркіленді. Әккі алаяқ әуелі ОLХ сайтына жарнама бергендерге хабарласып, сатуға қойған өніміне қызығушылық танытады. Бірақ түрлі сылтаумен кездесуден бас тартып, ақырында банк картасы арқылы төлем жасауды ұсынады. Аударым жасау үшін жәбірленушіден WhatsApp желісі арқылы жіберілген сілтемеге есепшот мәліметтерін жазуды сұрайды. Ал өзіне қажет ақпаратты ала сала, сол адамның есепшотындағы қаражатты әуелі абономенттік нөмірге аударып, одан соң жасанды банктік карта арқылы шешіп алған. Банк картасының иелері кезінде оны үшінші тұлғаға сатып жіберген екен. Олар тергеуге алынғанымен, қылмысқа қатысы жоқтығы анықталған.

Аталған іс бойынша әзірге 50 адам арызданыпты. Алайда олардың қатары артуы мүмкін дейді полицейлер. Әзірге шығын көлемі де белгісіз. Қазір күдіктінің өзге сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде