{metadescription}
ЖОО оқытушыларының мектеп мұғалімінен жалақысы аз
ЖОО оқытушыларының мектеп мұғалімінен жалақысы аз

ЖОО оқытушыларының мектеп мұғалімінен жалақысы аз

Қазақстанда жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімінің жалақысынан төмен. Орташа айлық 120 мың теңгені құрайды. Осындай дерек келтірген депутат Ақылбек Күрішбаев бұрынғы экс-әріптестерінің жалақысын министрлік әлі көтермеді деп ренжіді. Бүгінде педагогтер 700 академиялық сағатқа тең дәріс оқып жүр.

Ақылбек Күрішбаев, Сенат депутаты:

- Көптеген педагог куратор ретінде тәрбие жұмысымен және ғылыммен айналысады. Егер турасын айтатын болсақ, біздің жоғары оқу орнындағы оқытушылық жұмыс бүгінгі күні конвейер өндіріске айналып келеді. Жоғары оқу орындарының көбінде бюджетті жұмсау мәселелері оқытушылармен де, ғылыми кеңеспен де келісілмейді, тек олардың менеджерлері жеке-дара шешім қабылдайды.

Унивеситеттердегі ұстаздарды былтырғы жаңашылық айналып өтіпті. Дәлірек айтсақ, Қазақстанда білім беру гранттарының құны үш есеге дейін артты. Қаржының бір бөлігі оқу орындарын жөндеуге, ал қалғаны қызметкерлердің жалақысына жұмсалуы тиіс болған. Бірақ баяғы жартас сол жартас. Экс-ректор Күрішбаев жұмысқа жегілген мұғалімдердің жалақысын енді сол грант деңгейімен теңестіру керек деп есептейді. Үкіметтен де соны сұрап отыр.

Ал білім министрі 2024 жылға қарай педагогтердің айлығы екі есеге артатынын мәлімдеді. Ол биылдан педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет орналасудағы өзгерістерді Үкімет отырысында айтып берді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш тұру үшін енді үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді, яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі. Сонымен қатар біз педкадр даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейттік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде