{metadescription}
Карантин күшейтілді: Алматы мешіттерінде жұма намазына тыйым салынады
Карантин күшейтілді: Алматы мешіттерінде жұма намазына тыйым салынады

Карантин күшейтілді: Алматы мешіттерінде жұма намазына тыйым салынады

Алматы мешіттерінде жұма намазын оқуға қайтадан тыйым салынады. Қаланың «қызыл» аймаққа енуіне байланысты шектеу шарасы күшейтіліп  жатыр. Енді демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары мен жабық базарлар жұмыс істемейді. «Жасыл» аймақтан «сарыға» өткен өңірлердің тізіміне бүгін Қарағанды облысы да қосылды.

Ал эпидахуалы тұрақты аймақтарда балабақшаларға дейін қалыпты жұмысын бастады. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндерді қайтадан қабылдап жатыр. Коронавирусқа қатысты елдегі соңғы ахуал қандай?

Алматының «қызыл» аймаққа қайта аттап басуы сол еді, шектеу шаралары шетінен күшейтілді. Тыйымның құлшылық орындарына да қатысы бар. Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 13-наурыздан бастап мешіттерде жамағатпен жұма намазын оқу уақытша тоқтатылды.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

- Осындай сынақ жағдайы барлығымызға қолайсыздық тудырып отыр. Оған ешкімнің күмәні жоқ. Алайда біз өзіміздің және қоғамның денсаулығы үшін бұл шараны қабылдауға міндеттіміз. Себебі, адам денсаулығы, қоғамның денсаулығы, ұлттың, үмбеттің денсаулығы бұл, қажет болатын болса, біздің шариғатымыздағы ең негізгі құндылықтардың бірі.

Тек жекелеген құлшылық рәсімін өткізуге болады. Дегенмен табалдырықты аттамас бұрын дене қызуы тексеріліп, бетперде тағуы қажет. Екі күннен кейін күшіне енетін қаулыда сенбі-жексенбі күндері сауда және ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар да жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар ірі супермаркеттер тек таңғы алты мен түнгі екі аралығында ғана ашық болады.

«Жасылдан» «сары» аймаққа өткен төрт облыстың көшіне бүгіннен бастап Қарағанды облысы тіркесті. Орталық Қазақстанда бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 62 науқаспен толыққан. Мұнда да  әлеуметтік нысандардың жұмысына шектеу қойылады.

Айгүл Шатекова, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Әлеуметтік-экономикалық обьектілердің қызметін шектеу ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 5-наурыздағы №10 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, өлшем шарттар негізінде жүзеге асыралатын болады. Бұл ретте шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай 5 күн ішінде күрделенген жағдайда жүргізіледі.

Әзірге «жасыл аймақтағы» Солтүстік Қазақстан облысында балабақшалар ұзақ үзілістен кейін жұмысын жандандырды. Бүлдіршіндерден бұрын, күн ұзақ қараумен үйге байланған аналары мәз.

Ғалия Әйтімова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Балам бұл хабарды естіген кезде достарымен кездесетініне, балабақшадағы тәрбиешілерін көретініне қуанды. Мен де қатты қуанып отырмын. Енді өзім де жұмысқа шығатын болдым. Қуаныштымыз!

Коронавирус көрсеткіші күн сайын көбеймесе, кемімей тұр. Өткен тәулікте елде дерт тағы 752 адамға жұққан. Тізімнің басында Алматы қаласы тұр. Бүгінге дейін 220 мың адам індетке шалдықса, өкінішке қарай, оның 650-і бақилық болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.