Үш жарым мың оқушы мен студентке Елбасының қола медалі берілді
Үш жарым мың оқушы мен студент Елбасының қола медалін иеленді. Оның 28-і – елордалық жасөспірімдер мен жастар. Оқушылар сарайында өткен шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы академиясы қоры ұйымдастырды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
12.03.2021
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол – спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедиция, еңбек тәжірибесі сияқты 7 бағыттан тұрады. Бағдарламаның алтын, күміс, қола деңгейлері бар. Әр деңгейдің тапсырмасы да, мерзімі де әртүрлі. Мәселен, алты ай бұрын басталған қола деңгейіне 14-29 жас аралығындағы 11 мың қазақстандық қатысса, соның 3525-і бүгін кеудесіне медаль тақты. Ұйымдастырушылар төсбелгі мен медаль тағу оқушы, студенттерді жігерлендіреді деп сенеді.
Гүлім Жүсіпова, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры орталығының жетекшісі:
- Сондықтан медальге де, «алтын», «күміс», «қола» кішкентай кезінен балалар біліп тұрады. Жетістікке жету керек. Әр күшін салу керек. Тіпті спортшыларда кубок болмайды, грамота болмайды, тек медаль беріледі. Біз сондай бағытты таңдадық, Елбасы таңдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!