Алматыда кішкентай балның арбасын өртейтіндер пайда болды
«Не өзіне, не өзгеге бұйырмасын». Алматыда бала арбасына өштер пайда болды. Қаскөйлер көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде тұрған баланың арбасын өртеп кетеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.03.2021
Соңғы айларда мегаполисте мұндай жайттың 20 дерегі тіркелген. Тұрғындардың көбі үреймен күн кешіп жүргендерін айтады.
Майса Нухина, Алматы қаласының тұрғыны:
- Психикасы ауру адам шығар деп ойлаймын. Өз баласы өрттен қайтыс болған ба, әлде баласы болмай жүрген адам ба деп ойладық. Әр шыққан дыбысқа елеңдеп, тіпті қауіппен қарайтын күйге жеттік.
Бостандық ауданында өртенген көпқабатты үйдің кіреберісі. Таңғы уақытта шыққан өрт бала арбасынан бөлек, қабырғаларын жалмап үлгерген. Құзырлы органдар мұндай қылмыс түріне барғандарды іздестіру үстінде. Олар көбіне камера қойылмаған үйлердің дәлізіндегі баланың арбасына от қояды екен.
Төтенше жағдай қызметкерлері осындай жайттардың алдын алу мақсатында үй-үйді аралап, өрт қауіпсіздігіне қатысты нұсқама таратып жатыр. Өйткені қасақана өртеуден бөлек, пәтерде қарапайым техникалық талапты сақтамаудың соңы опындыратын дерек азаймай тұр.
Дінмұхамед Тәжімағамбетов, Бостандық ауданы ТЖБ инженері:
- Арбалардың өртенгенде тек арба ғана жанбайды. Үйдің ағаш қабырғасына ауысады. Тұрғындардың пәтерлерден, қабатты үйлерден шығуы қиындайды. Адамдарды құтқару, локациялау жүргізіледі. Адамдар улы газбен улануы мүмкін. Сол себепті қазір профилактикалық алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!