{metadescription}
Қарағанды кәсіпкерлері салық органы мен банктерден жапа шегуде
Қарағанды кәсіпкерлері салық органы мен банктерден жапа шегуде

Қарағанды кәсіпкерлері салық органы мен банктерден жапа шегуде

Қарағандылық кәсіпкерлер шағын бизнеске салық органдары мен банктер қырғидай тиді деп шырылдап отыр. Ұлттық экономика министрлігі енгізіп жатқан жаңалықтар әсіресе шағын дүкендердің жұмысын тұралатқан.

Айтуларынша, төлем терминалдарымен есеп айырысу, тауарды сканерлеу мен виртуалды қоймаға тіркеліп, кіріс пен шығыстың есебін жаңаша шығару кәсіпті қиындатып жіберген. Дегенмен шенеуніктер жаңа бастама тұтынушының құқын қорғауға бағытталған дейді. Ал заман талабына сай жұмыс жасауға дүкеншілер көндігуі тиіс екен.

Тұрсын Мұхамедиева сауда саласында жүргеніне ширек ғасырдан асқан. Бұрынғыдай емес, супермаркеттер көбейгелі саудасы саябырсыған. Шағын дүкен жалақысына жұмысшы табу да қиын. Сондықтан қазір өз дүкенінде өзі сатушы, өзі жүк көтеруші, өзі еден жуушы, өзі есепші. Өйткені табыстың басым бөлігі салық пен банк комиссиясын төлеуге жұмсалады дейді.

Ең аз дегенде 150 теңге! Ондай кіріс не жалға алуға, қымбат комқызметке жетпейді. Лицензиялық жинақ та удай қымбат.

Кәсіпкерлер кассалық аппарат және телем терминалдарымен сауда жасау ыңғайлы дейді. Бірақ айналымдағы ақшаны банктен шешіп алуға соманың 1 пайызы ұсталады. Терминалды қолданғаны үшін төленетін сома тағы бар.

Сергей Друздь, кәсіпкер:

- Терминалды пайдаланғанымыз үшін айналымдағы қаражатымыздың 3 пайызын банк ұстап қалады  Бұрын біз бұл қаражатқа несиемізді жауып, жұмыскерлерге айлық төлейтінбіз. Тауарды маркалау, 2 рет сканерден өткізу дегенді шығарды. Бұл әлемдік тәжірибе шығар, бірақ бұған біздегі шағын дүкендер дайын емес.

Өйткені енгізіліп жатқан жаңа жүйемен жұмыс істеуді кәсіпкерлердің 90 пайызы білмейді екен. Шалыс бассаң, айыппұл арқалайсың. Есеп-қисапты  білетін маман жалдауға тағы қаражат керек.  

Эльфия Айхлер, кәсіпкер:

Біз компютерлік бағадарлама жасаушы емеспіз, есепші емеспіз, қарапайым адамбыз. Есеп-қисап жасауды неге сонша қиындатып жіберді? Білетін маман жалдасаң, кемі 150 мың теңге төлеуің керек. Сауда жоқта қайдағы қаражат? Сканер, маркалау құрылғыларын алуымыз керек.

Үкімет ойлап тапқан талаптарға сай болу үшін ұсақ түйектің саудасына қараған кәсіпкер, кемі 5 білікті маман жалдауы керек. Бұлай жалғаса берсе, шағын дүкендер жыбылып тынады екен. Алайда салық комитетіндегілер енгізілген жаңашылдық бизнес жүргізуге кедергі болмайды дейді. Мұндағы мақсат – тұтынушыға жететін тауар сапасын бақылау.

Бақытгүл Ботбаева, Қарағанды облысы мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы:

- Вайпон, тауарды маркалау сияқты жүйелер сіз бен біздің құқығымызды қорғау үшін қолданылады. Яғни осы арқылы тауардың шыққан жерінен дүкенге жету жолы бақыланады. Бұл үшін қаражат шығындап, құрылғы алып қажеті жоқ. Бәрін мобильді қосымшамен жүзеге асыруға болады.

Шенеуніктер жаңа жүйе дүкен сөрелеріне сапасы күмәнді,  контрафакт тауарларды түсірмеуге бағытталған дейді. Сонықтан мұны егжей тегжейлі түсіндіруге кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастыратын болды. 

Бұл жалғыз Қарағанды ғана емес, бүкіл елде дүкен ұстап отырғандардың басына түскен іс. Шенеуніктер заманға сай жаңа ережелерге көндігуден басқа амал жоқ дегенді алға тартады. Ал ішімдік өнімдеріне лицензияның құны ірі супермаркеттер мен күнін әрең көретін шағын дүкендерге бір сома екеніне қылар қайранымыз жоқ дейді. Ол мәселені үкіметтегілердің ұсынысы арқылы депуттардың қолдауы ғана реттейді.             

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде