Павлодарда полицей дүкен тонаумен айналысқан
Павлодарда дүкен тонаумен айналысқан әккі ұры полицей болып шықты. Желілік бөлім қызметкері сатушыларды тапаншамен қорқытып, кассадағы ақшаны алып кетіп жүрген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.03.2021
Алайда жуырда қарақшының осындай әрекеттерінің бірі жүзеге аспай қалады. Өйткені сатушы қыз оған жұдырық ала жүгірген. Сөйтіп сұғанақ сақшы қашып кетіпті. Бірақ дәл сол күні ол басқа бір дүкенге шабуыл жасап, кассадағы 120 мың теңгені қолды қылыпты. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, ұрлықты екінші кәсібіне айналдырған – 22 жастағы кіші сержант. Ол Павлодар станциясы желілік полиция бөлімінде қызмет еткен. Құқық қорғау органында бір жыл жұмыс істепті. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ал Павлодар желілік полиция бөлімінің бастығы мен орынбасары қызметінен қуылды. Басшылық қызметтегі тағы 8 адам тәртіптік жаза арқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!