{metadescription}
Шымкентте көпқабатты үй салынып жатқан жерде кран құлады
Шымкентте көпқабатты үй салынып жатқан жерде кран құлады

Шымкентте көпқабатты үй салынып жатқан жерде кран құлады

Шымкентте құлаған құрылыс краны тұрғындардың зәресін ұшырды. Көпқабатты үй салынып жатқан жердегі ауыр техника ортасынан опырылып кеткен. Гүрс еткен дауыстан жақын маңдағы тұрғындар қатты шошынып қалыпты.

Ержан Байғонов, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Гаражымда жұмыс істеп жатқанмын. Бір кезде қатты дыбыс шықты. Темірлердің құлаған дыбысы шықты. Кейін екінші жартысы құлады да, мына жақта тұрғаны екінші жағына құлады. Сол кезде ортасы қатты теңселіп кетті. Құлай ма деп ойладық. Егер жебесі ауыр салмақпен былай құласа, үйдің бәрі құлайды ғой. Үйде бала-шаға бар.  

Көпқабатты нысан жер үйлерге жақын орналасқан. Құрылыс аумағында бірнеше мұнаралы кран тұр. Олардың жебесі і көбіне үйлердің үстіне төніп тұрады екен. Тұрғындар қатты жел болса, «төбемізге түсе ме?» деп үрейленіп отыр. Қайта ауыр техника құрылыс аумағына құлап, ешкімді басып қалмаған. Кранның ортасынан опырылып кетуіне не себеп болғаны түсініксіз. Себебі, мамандар алты тоннаға дейін жүк көтеретін техникаға бүгін бір жарым тоннадан артық салмақ артылған жоқ деп ант-су ішті. Оқыс оқиғадан кейін құрылыс аумағында жұмыс уақытша тоқтатылды.

Жәнібек Юсупов, құрылыс компаниясының бөлім басшысы:

Ешкім жарақат алған жоқ. Бәрі Құдайға шүкір, аман-сау. Кран жүргізушісі қатты шошып қалған. Сәл стресс алған сияқты. Кез келген адам зәресі ұшады ғой. Бір жарым тоннадай жүк, енді көтеріп жатқан кезде кранның жебесі, тросы үзілген деп ойлаймыз. Бүгіннен бастап қызметтік тексеру жүргіземіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.