{metadescription}
Маңғыстау облысы: «Қошқар ата» қоймасында залалсыздандырылу басталды
Маңғыстау облысы: «Қошқар ата» қоймасында залалсыздандырылу басталды

Маңғыстау облысы: «Қошқар ата» қоймасында залалсыздандырылу басталды

Маңғыстау облысында 105 миллион тонна радиоактивті қалдық төгілген «Қошқар ата» қоймасын залалсыздандыру басталды. Ат шаптырым аумақты алып жатқан полигонға кезінде Каспий тау-кен металлургия комбинаты фтор, уран, радий, хром, фосфат, нитрит, цинк сынды зиянды зат көмген.

Улы көлдің көмілетіні жақын маңдағы ауыл тұрғындарына жағымды жаңалық болды. Ақтаудан төрт шақырым жердегі экологиялық аймақта 372 мыңға жуық адам тұрады. Залалсыздандырылатын жер түгел тегістеліп, 30 сантиметр қалыңдықта топырақ төселеді. Жыл соңына дейін 4 мың гектардан аса аумақ рекультивациядан өткізіледі. Жоба үш жылға созылады. Республикалық бюджеттен 15,5 млрд. теңге қарастырылып, 50 адам мен 30 техника жұмылдырылған.

Қуандық Оразғалиев, жоба жетекшісі:

- 66 км2 әр түрлі химиялық металды қоспалар сақталған. 40 км судан кептірілген жерлер. Біздің жұмыс жасайтын жеріміз. Жоба мерзімі 45 айға есептелген. Егер тұрғындардан, әкімшілік жағынан көмек болып жатса, ертерек бітіруге дайынбыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде