Қазақ баласы 20 жастағы Иманбек Зейкенов «Грэмми» алды
Қазақ баласы «Грэмми» алды! Небәрі 20 жастағы Иманбек Зейкенов әлем жұлдыздары таласқан әйгілі алтын граммофонның иегері атанды!
Автор: Аруна Ортай
15.03.2021
«Грэмми» – музыканттардың «Оскары». Ол тек күллі әлем бойынша тыңдаушылардың көңілінен шыққан әншілерге табысталады. Мадоннаның өзі оған біраз жылдар бойы қол жеткізе алмай келген. Ал біздің жерлесіміз Иманбек Зейкенов небәрі 20 жасында әлем жұлдыздарының алдын орап әкетті. Оның «Роузэс» әніне жазған ремиксі 20 апта бойы әлемнің 10-топ чартына енді. Одан бөлек, АҚШ пен Британияның да үздік әуендерін шеруін бастап, әлемге танымал «мен» деген жұлдыздарын артта қалдырды. Ал ремиксті ол 19 жасында Ақсу қаласында теміржолшы боп жүргенде жазған. Осылайша ешбір музыкалық білімі жоқ қазақ жігіті бір күнде әлем жұлдызы болып атанды. Талант иесін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі арнайы құттықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!