«Отбасы банк» үлестіруі тиіс пәтерлер сатылымға шығып кеткен
Шымкентте баспана бағдарламасынан жанжал шықты. Тек «Отбасы банкінің» салымшылары арасында үлестірілуі тиіс пәтерлер сатылымға шығып кеткен. Онлайн режимде пәтер аламыз деген азаматтар, арнайы сайттың істен шығып, үміттенген баспаналардың басқа жекеменшік сайтта сатылып жатқанына наразы.
Автор: Бек Әбиев
15.03.2021
Гүлназ Төлтаева, Шымкент тұрғыны;
- Бронь жасасақ жаңағы істемей тұрып қалады. Ашсақ пәтер жоғалып кетеді. Ертесіне сол пәтерлер 5 миллион-6 миллионға жуық теңгеліктер 10 миллион деп крыша.кз-ке шығады. Сайт ісетейді, бірақ та жоқ. Кім алып жатыр оны?
Баспана.кз қосымшасы арқылы 425 пәтер үлестірілуі керек болған екен. Бірақ, брондау басталғанда ол қосымша істен шығыпты. Компютер алдында түнімен отырған салымшылар таңертең бірде-бір пәтердің қалмағанын айтады. Тіпті банк қызметкерлері өтірік конкурс өткізіп, үйді салымшыларға емес, ауызбастырық бергендерге таратып жіберді дейді. Сондықтан Шымкенттегі «Отбасы банкінің» қызметкерлерін түгел тексерсін деп талап етуде. Ал, банк басшылығы болса сайттың істен шыққанын бір мезетте мыңдаған адамның тіркелгенімен түсіндіреді. Десе де, салымшылардың арызынан кейін, ішкі тексеріс жүргізбекші.
Дәурен Саудабаев, Отбасы банкінің филиал директоры:
- Негізі баспана.кз сайты тиімді әрі пайдалы жұмыс істеп жатыр деп айта аламыз. Бірақ 425 пәтер үшін 10 мыңнан астам таласқан соң жүктелмей қалғаны рас. Бірақ, қазір біздің қосымшада көрсетілген пәтерлердің қалайша өзге жекеменшік сайттарға сатылымға шыққаны бойынша тексеретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!