{metadescription}
Бәйдібек, Отырар, Ордабасы әлі жарықсық отыр – Түркістан облысы
Бәйдібек, Отырар, Ордабасы әлі жарықсық отыр – Түркістан облысы

Бәйдібек, Отырар, Ордабасы әлі жарықсық отыр – Түркістан облысы

Түркістан облысындағы үш аудан әлі түнекте отыр. Ауа райы қолайсыздығынан Бәйдібек, Отырар мен Ордабасы аудандарының басым бөлігінде жарық жоқ. Себебі, екі күн ішінде қар мен жаңбыр және дүлей дауылдың кесірінен 2 жарым мыңнан астам электр бағанасы құлаған.  

- Бәйдібек ауданы бойынша электр тоғы жоқ. Талдар құлап жатыр, міне. Сымдар үзіліп жерде жатыр. Көше-көшенің бәрі осындай. Сымдары салбырап мына жақта жатыр.

Демалыс күндері әуелі күшті жел тұрып, ауа температурасы күрт төмендеген. Артынша жаңбыр жауып, арты қарға ұласқан. Салдарынан, электр сымдары жуандығы білектей мұзға оранды. Мысалы, Кентау қаласындағы жүз мыңға жуық тұрғынға жылу тарататын энерго орталық, жарықтың жоқтығынан  істен шығып, өндірістік қала мұз құрсауында қалды.  Бірақ, жанталасып жүріп Кентауға электр энергиясын берген мамандар, қалған аудандардың жарығын қалыпқа келтіре алмай жатыр. Қалың қардың кесірінен бағаналарды қалыпқа келтіруі тиіс техника, діттеген жеріне жете алмауда. Өңірді толық жарықтандыру үшін шамамен бір ай уақыт керек дейді энергетиктер. Алайда облыс әкімі апат салдарын бір апта ішінде жоюға тапсырма берді.

- Ордабасын аптаның соңына дейін бітіреміз деймін. Отырар мен Бәйдібекке ауыр түседі. Енді ол жерде 3 мың-4мыңдай баспақтаймыз. 10 метрлік 9 метрлік бағана құлағанда, солардың бәрі уақыт алады. Ары барса, бір ай деп отырмыз.

- Бір ай дегенді естімеппін. Бір аптада бәрін орнына келтіру керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.