{metadescription}
Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантинде сауық құрған
Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантинде сауық құрған

Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері карантинде сауық құрған

Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерінің басы дауға қалды. Осы демалыста караоке барда сауық салғандарды жергілікті блогер соңынан аңдып жасырын түсірілім жасаған. Тіпті видео авторы қалалық құрылыс  бөлімінің жетекшісі әйелін ұрып, мас күйінде көлік тізгіндегенін түсірген.

Атышулы роликте Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да  бар. Енді тәртіптік кеңестік ұсынысымен әкім орынбасарына сөгіс жарияланып, ал қалалалық құрылыс бөлімінің басшысын жұмыстан босатылмақ. Дауға ұласқан думанды түн туралы толығырақ әріптесім Асқарбек Қазанғап тарқатады.

Келіншектің шашын тартып, бүйірінен ұрған бұл адамды әкімдік қызметкерінен бұрын, жігіт деуге аузың бармайды. Видео авторының айтқаны рас болса, өз әйелін төмпештеп жатыр. Блогер ащы судан ұрттаған қалалық Құрылыс бөлімі жетекшісінің одан әрі көлікті тізгіндеп жолға шыққанын түсіреді. Орта жолда, полицейлер тоқтатып, сараптамаға алып кетеді. Алайда, әкімдік өкілінің рөлде өзі отырғанын мойындағысы жоқ.

Сол түні блогер Қайрат Әбдірахманның камера нысанына Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да іліккен. Бір қызығы карантинде рейд жүргізіп жүрген шенеуніктің өзі, түн ортасында караоке-клубты жағалап жүр. Бірақ тексеру үшін емес.

Сол күні бізге инстаграмға жазды осындай бізде караоке-клубта мынша  әкімдік қызметкерлері отыр деп, демалып жүр деп жазды. Негізі бізде тек қана қалада емес, Алматы облысында талай оқырмандарымыз бар.

Әлеуметтік желіге жариялана сала шу шығарған видеоға қатысты Талдықорған қаласының әкімдігі пікір білдірді. Шынында, видеода Құрылыс бөлімінің жетекшісі мен әкім орынбасары екенін растады.

Нұр Қанатұлы, Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі күнге аталған оқиға бойынша Талдықорған қаласы әкімдігі қазіргі уақытта ішкі қызметтік тексеру жүргізуде. Тергеу қорытындылары туралы қосымша хабарланатын болады. Видеоның авторына ешқандай шағым түсірмейміз.

Блогер Қайрат Әбдірахман өзіне толассыз белгісіз нөмірлер хабарласып жатқанын айтады. Нақты қысым жоқ. Дегенмен, бүгін «әкімдікте бетпердесіз жүрді» деп шағым түсірген тұрғынның негізінде оны әкімдікке шақырып жатқанын жеткізді. Ал, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай тәртіптік Комиссиясының ұсынысымен басы дауға қалған қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбековаға «қатаң сөгіс» жарияланып, өз әйелін көшеде тоқпақтаған Құрылыс бөлімінің басшысы Мейір Нұрғалиев жұмысынан босатылуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде