{metadescription}
Өңірлерде бензин бағасы шарықтап барады
Өңірлерде бензин бағасы шарықтап барады

Өңірлерде бензин бағасы шарықтап барады

Еліміздің біраз өңірінде бензин бағасы шарықтап барады. Айналдырған екі-үш күнде жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы жанармай он теңгеге қымбаттаған. Көлік отынының құнын ұстап тұруға жергілікті билік қауқарсыз.

Ал энергетика министрлігіндегілер мұны заңды құбылысқа балайды. Тіпті бензин бағасы әлі де біраз өседі деп отыр шенеуніктер.

Қарағандылықтар қазір АИ-92 маркалы бензиннің литрін 159 теңгеден алып жатыр. Бұл тек облыс орталығында ғана бес теңгеге қымбаттаған. Ал аудандарда он теңгеден қосқан. Тұрғындар жанармай құны өссе, өзге қызмет түрлері мен азық-түлік те қоса қымбаттайды деп уайымдап отыр.

Әлішер Серіков, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Енді ол бензиннің бағасы қымбаттады деген, ол ертең ба барлығы қымбаттайды деген сөз ғой. Қазір онсыз да бәрі қымбаттап жатыр. Бензин бағасы қымбаттағасын тасымал, автобустың, билеттердің бағасы қымбаттайды. Азық-түлік қымбаттайды.  

Оралда да жанармай бекеттеріндегі баға өзгерді. Демалыс күндері 153-154 теңге тұрған АИ-92 маркалы бензин мұнда да 159 теңгеден сатылып жатыр.

Аслан Хамитов, Орал қаласының тұрғыны:

- Он теңге болғанмен, білінеді. Өзім 92-ші маркалы бензин құямын. Соның өзінде қалтадан соғады. Айына бір 25-30 мыңдай жіберемін. Енді одан да көп шығатын болар.

Ел бойынша ең арзан бензин Ақтөбеде сатылатын. Өйткені автогазбен жүретін көлік көптігінен жанармайға сұраныс аз. Күні кеше бұл жақта АИ-92 140-41 теңгеден сатылған. Енді қазір 150 теңгеден төменін таппайсыз. Ақтөбелік шенеуніктер жанармай құнының қымбаттауын теміржолдағы бензин тасымалы үшін ақының көтерілуімен байланыстырады.

Асқар Көкеев, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

- Себебі, темір жол тарифі көтерілген және авто сатып алушылар бағасын көтерген. Жеткізіп берушілер көтергені 7 мың теңге, бір тоннаға.   

Мұнай-газ саласының сарапшылары бұл қымбатшылықтың басы ғана дегенді айтады. Бензин құны әлі де көтеріледі деп отыр.

Олжас Байделдинов, мұнай-газ саласының сарапшысы:

- Былтыр мұнай құны әлемде үш рет арзандады. Бірақ неге бізде бензин бағасы төмендеген жоқ? Себебі, сол кезде де , қазіргі күні де жанармайдың құны ішкі нарықта өз құнынан төмен бағаланып отырды. Қазір шығын жағынан есептеп қарасақ, жанармай мен сұйытылған газдың бағасы өз құнынан арзан екенін байқаймыз.

Қазір еліміз бойынша көлік жүргізушілері арасында сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің ең қымбаты солтүстік пен шығыста. Семей мен Қызылжар тұрғындары оның литрін 164-165 теңгеден сатып алып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде