Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, 4 адам мерт болды
Қызылорда облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тағы бір тұрғын ауруханаға жеткізілген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.03.2021
Қайғылы оқиға Жосалы кентінде түскі сағат 1 жарым шамасында болыпты. Кенет мына үйдегі 27 литрлік газ баллоны жарылған. 144 шаршы метр аумақтың түгі қалмай жанып кетті. Ал қаза тапқандар 40 жастағы үй иесі мен оның 21 -дегі сіңілісі, 22 -дегі туысқан жігіт пен 20 жастағы көршісі екен. Үйдегі 70 -тан асқан қарияны көрші-көлем өрт сөндірушілер келгенше алып шығып, ауруханаға жеткізген. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!