{metadescription}
Қорамда көлік қаққан төрт қыздың біреуі есі жимастан бақилық болды
Қорамда көлік қаққан төрт қыздың біреуі есі жимастан бақилық болды

Қорамда көлік қаққан төрт қыздың біреуі есі жимастан бақилық болды

Қорамда көлік таптап өткен төрт қыздың біреуі сол күйі ес жимастан бақилық болды. 9 жасар оқушының өмірі үшін дәрігерлер екі аптадан бері күресіп келген. Алайда, өрімдей қыз жол апатынан алған ауыр жарақаттардан айыға алмады.

Жасөспірім жасанды тыныстау аппаратына қосулы жатқан. Баланы аман алып қалу үшін дәрігерлер қанша арпалысса да құтқара алмады. 9 жасар қыздың ақыры жүрегі тоқтап қалған. Осы жол апатында көлік таптап өткен тағы бір қыз әлі есін жиған жоқ. Ол да жасанды құрылғының көмегімен тыныстап жатыр. Көлікке мас күйінде отырған Әсет Демесіновке бұған дейін жол ережесін бұзғаны үшін айып тағылған. Енді ол адам өлімі үшін де жауап беретін болады. Естеріңізге салсақ, сұмдық жайт Алматы облысының Қорам ауылында 2-ші наурызда болған. Удай мас жүргізуші мектептен қайтып келе жатқан төрт бірдей оқушы қызды көлігімен таптап өтті. УАЗ автокөлігі жаншып өткен екі қыз ауыр жараланса, үшінші оқушының аяғы сынып, ота жасалды. Төртінші жасөспірім қашып үлгерген болатын. 

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Қазіргі таңда қылмыстық іс ҚР ҚК 345-1 бабы 3-бөлігіне өзгертілді. Адам өліміне соқтырған көлік құралым мас күйінде басқарған жүргізушімен жасалған жол ережесенің бұзушылығы. Аталған баптың санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын қарастырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде