Короновирустың таралуына карантиннің пайдасы тимей тұр
Коронавирустың таралуын ауыздықтауға карантиндық шектеулердің де пайдасы тимей тұр. Үш күн қатарынан ел бойынша мыңнан аса адамнан қауіпті вирус анықталған. Оның 350-і – алматылықтар. Егер осындай қарқынмен жалғаса беретін болса «қызыл аймақтан» шыға алмай отырған қала локдаунға жабылуы мүмкін.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.03.2021
Алматының бас санитар дәрігері осындай ескерту айтты. Ал індеттің қайта белең алуына жұрттың сақтық шараларын аяқ асты етіп, сауық-сайран құруды жалғастырулары себеп.
Алматыдағы мына компьютерлік клуб ішіндегілер күтпеген қонақтарды көргенде абдырап қалды. Өйткені жұмыстарын жалғастыруға шектеу қойылса да, нысан іші жеткіншектерге лық толы.
Демалыс күндері ойын-сауық орталығы, қоғамдық көлік, базарлар, компьютерлік клубтардан бөлек, сауна мен спа-орталықтардың жұмысына да уақытша тоқтатылды. Соның бірі қаланың қақ ортасындағы мына сауықтыру орны. Арнайы топты көрген нысанға жауаптылар тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтып айқайға басты.
Бақылаушылар мейрамханалардағы санитарлық талаптың қаншалықты сақталғанын да бір тексеріп өтті. Сөйтіп карантиннің қатаңдатылғанына қатысты жұмыс уақыттарының қысқарғанын тағы бір естеріне салды.
Талғат Құрманбеков, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы:
- Бұл кеше шығып жатқан нарсе емес. 1 жыл болды өздеріңіз білесіздер. Қазақстанда емес, бүкіл әлемде болып жатқан жағдай. Әкімшілік хаттама толтырылады. Әкімшілік хаттаманы получается біз выявляем и СЭС-ке апарамыз и СЭС-тің сотрудниктері әкімшілікті сол жұмыс орнына салып береді.
Шектеуге осылай шекесінен қарағандардың кесірінен соңғы үш күнде коронавирус жұқтырғандар саны мыңнан түспей тұр. Әсіресе Алматыдағы эпидахуал ушыққан. Егер күн сайын осылай 300-ден аса адамнан ауру анықталатын болса, Алматы қайтадан толық жабылуы мүмкін. Ал әзірге «қызыл аймақтан» шыққанша шектеу шаралары жалғаса бермек. Мұны қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ескертіп отыр. Қазір қауіпті індеттің таралуы бойынша Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары «қызыл аймақта».
Бүгінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 225 мыңға жетіп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!