{metadescription}
Жамбыл облысында тағы бір «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылады
Жамбыл облысында тағы бір «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылады

Жамбыл облысында тағы бір «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылады

Жамбыл облысында тағы бір «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылатын болды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың шалғай ауылдардан қатынауы киын екені ескеріліп, Шу аудандық ауруханасы жанынан оңалту мекемесі бой көтермек.

Ал Тараздағы дәл осындай орталық қазір қызу жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі де жаман емес. Тіпті кейбір нейро-ортопедиялық аурумен ауыратын балалар аяққа тұрыпты.  

Қазақтың дәстүрлі тұсау кесер рәсімі бұл «Қамқорлық» орталығында алтыншы мәрте болып тұр. Бұған дейін бес бүлдіршін алғашқы қадамын жасап, ата-анасын қуантқан еді. Ал, бүгін 3 жастағы Жаннұрдың тұсауы кесілді. Ол тумысанын сал аруымен ауырып, аяғын баса алмайтын. Енді орталыққа келгенде еңбектеп жүрген бүлдіршін, қаз-қаз басты.   

Әрбір ата-ана сырқат баласының сауығып кетуін тілейді. Сондықтан осында үмітпен келіп жүр. Оңалту кешені сал ауруына шалдыққан және жүйке жүйесі мен тірек – қимыл мүшелерінің ақауы бар науқастарға көмек көрсетеді. Сондай-ақ мұнда нейрохирургиялық отадан кейінгі емдеу шаралары жүргізіледі.

Балнұр Абашқызы, Тараз қаласының тұрғыны

- Бұл жолғы ем алуымыз ерекше. Қабылдап жатқан 21 күндік емшарамыз. Сосын кабинетердің ашылуы. Бұл жерде жаңағы түк кабинеті, шунгит дейді, астында балаларға неше түрлі процедура жасалып жатыр. Бассейні бар. Балама ұнайды.

Бұл ауадай қажет орталық үш айдан бері жұмыс істеп тұр. Мекемеге білікті мамандар тартылып, заманауи медициналық құрал жабдықтармен қамтылған. Бұрын ата-аналар балаларына ем іздеп Алматы мен Нұр-Нұрсұлтанға сабылатын. Енді оңалту орталығы Таразда да бар.   

Раиса Қожамжарова, «Қамқорлық» оңалту орталығының директоры:

- Біздің орталықта жүйке жүйесі зақымдану ауруларымен және іштен туа біткен сал аурулары, церебралды паралич ауруларымен, тірек-буын қимыл жүйесінің ақауларымен және әртүрлі отадан кейінгі неурохирургиялық отадан кейінгі, ортопедиялық, травматологиялық отадан кейінгі балалар ем қабылдайды. Біздің орталықта жалғыз медицина емес әлеуметтік педагогикалық та емі жүргізіледі.

Жамбыл өңірінде 6 мыңға жуық нейро-ортопедиялық аурумен ауыратын науқас бар. «Қамқорлық» орталығы олардың жылына 8 жүзден астамына көмек көрсетуге қауқарлы. Тек соңғы үш айдың ішінде 200-ге жуық сырқатқа ем-дом жасалған.

Арайлым Еркінова, «Қамқорлық» қорының директоры:

- Балаларды оңалту қызметі тегін көрсетіледі. Ол үшін ата-аналар тұрғылықты жер бойынша емдеуші дәрігерге баруы тиіс. Бұл орталыққа Жамбыл облысының шалғай ауылдарынан келіп жатыр. Бірақ көбісіне қатынау қиындық туғызуда. Сондықтан Елбасының Қамқорлық бастамасының екінші кезеңі аясында Шу аудандық ауруханасы жанынан тағы бір оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. 

Игі іс Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында қолға алынған. Ал оны жүзеге асырушы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры. Жалпы осындай орталықтың санын 18-ге жеткізу жоспары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде