{metadescription}
Тазы итті өлтіру неткен тағылық ...
Тазы итті өлтіру неткен тағылық ...

Тазы итті өлтіру неткен тағылық ...

Тазы итті өлтіру неткен тағылық? Әлеуметтік желіде қазақ қастерлеген жануардың өлімтігі түсірілген видео жұртты шошытты. Әзірге оқиғаның нақты қай өңірде болғаны белгісіз.

Видеоға мұқият зер салса, қатарынан сұлап жатқан иттердің көбінің қарғыбауы бар. Жартысы тазы тұқымы. Қынжылыспен өлекселерді аударып, арасынан өз итін тапқан видео авторының қолында құжаты да бар. Бірақ кеш қалғанға ұқсайды.

Соңғы уақытта қаңғыған иттерді атуға шағым көп. Бұл жұмыспен ветеринария қызметі айналысады. Зооқорғаушылар бұл бассыздықты тоқтату үшін қатаң қадағалау қажет деген пікірде.

Инна Назаренко, «Қансонар» қауымдастығының кинологы:

Иттерді атпай аулау керек. Егер де агрессиялы болса, ұйықтату қажет. Бірақ қалай дегенмен атуға болмайды! Оны уақытша ұстайтын орынға барғаннан кейін міндетті түрде үш күн қожайынын күтуге тиіс. Ал бізде бәрі керісінше. Ит аулайтындар көбіне ақша үшін, иесі бар-жоғына қарамай ата береді. Сондықтан жергілікті әкімдік пен құзырлы орган бақылауды күшейткені жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде