Елде орташа жалақысы 223 213 теңгеге жетіпті
Елімізде орташа айлық мөлшері өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, тек ақпанда ғана қазақстандықтардың орташа жалақысы 223 213 теңгеге жетіпті. Ал қаңтарда бұл көрсеткіш небәрі 115 684 теңге болған екен.
Автор: Аруна Ортай
16.03.2021
Жалақы статистикасы тек дәрігерлер мен мұғалімдердің есебінен ғана артқан сыңайлы. Өйткені басқа салаларда табыс көлемі керісінше, 8 пайызға төмендеп кеткен.
Ал карантинде біресе ашылып, біресе жабылған кәсіпкерлердің табысын мамандар назарға да алмапты. Осылайша медицина саласында орташа жалақы 23 пайызға жоғарылаған.
Білім беру саласындағылар 18 пайызға көбірек айлық алса, мемлекеттік басқару қызметкерлерінің әлеуеті 11,3 пайызға артқан.
Елімізде орташа айлықпен бірге азық-түлік бағасы да өсті. Тек ақпанда ғана тамақтың құны бақандай 10,13 пайызға көтерілген. Әне-міне, электр қуаты да қымбаттағалы жатыр. Кешелі бері жанар-жағармайдың бағасы да аспандап барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!