{metadescription}
Атырау облысында барымташылар буаз биелердің қарнын жарып кетіп жатыр
Атырау облысында барымташылар буаз биелердің қарнын жарып кетіп жатыр

Атырау облысында барымташылар буаз биелердің қарнын жарып кетіп жатыр

Барымташылар басынды! Атырау облысында ұрылар буаз биелерді бауыздап, қарнын жарып, құлындарын ақтарып кетуде. Баққан маланың несібесін көреміз деген шаруалар енді әр жерде шашылып жатқан төлдерінің бас-сирағын жинап жүр. 

Ал шаруалар  болса тәртіп сақшыларының сылбыр әрекетіне налып отыр. Төрт түлік иелері түн жамылған сұғанақтарды өздері құрықтайын десе, оққа ұшамыз ба деп қорқады. Мал ашуы жан ашуына айналғандармен тілшіміз Тәуірбек Бозекенов тілдесіп қайтты.  

Бір түн ішінде Айтқали Жалиевтің 4 бас жылқысына қарақшылар оқ атқан. Екеуінің қарнын жарып, бас-сирағын сол жерге лақтырып, етін көлікке тиеп кетіпті. Ал мына бір сіресіп жатқан тайды ұрылар атып алғанымен, сойып әкетуге үлгермеген. Үйірде жүрген тұмса биесі таңға жуық үйге жаралы келіпті.

Айтқали Жалиев, Атырау облысының тұрғыны:

- Қаңтар айының аяғына дейін екі бас жылқы кетті. Оны да атып әкеткен. Басы мен сирағы қалды. Соны таптық. Ал енді одан кейін осы ғой. Кеше күні телефонға ватсапқа келді. Фотосын көргенде сразу таныдық.

Индер ауданында ұрыларға жем болдық деп отырған Айтқали Жалиев секілді 15-шақты адам бар. Қазір олар жоғалған малдарын іздеумен жүр. Алайда қожалық иелерінің көбісі жылқыларының әр жерде шашылып жатқан бас-сирағын ғана жинап жүр. Тіпті баукеспелер бауаз биені бауыздап, ішін жарып, құлынын ақтарып кете берген. 

«Қайтқан мал, жазаланған ұры жоқ» деп ашуланғандар базынасын кімге барып айтарын білмейді. Істі созбалаңға салған тәртіп сақшыларынан еш қайыр жоқ дейді. Ал баукеспелер болса күннен-күнге қулығын асырып, малдарды қынадай қырып жатыр.    

Қайсақан Ізбасов, Атырау облысының тұрғыны:

- Алтын шаруашылығы екі облыстың ортасында, шекарада тұр. Органдарға шағымданғанда, жылқы келеді де атылған жері Орал облысының жері. Орал облысының жері болған соң біздің жер емес дейді. Орал облысының иесі келсе жер біздікі мал біздікі емес дейді. Іс содан жүрмей тұрып қалады. Бір Қазақстанда отырып екіге бөлінеді деген болмайтын іс қой.

Төрт түлікпен күнелтіп отырған тұрғындар бейнеттеніп баққан малымыздың, зейнетін көре алмай отырмыз деп қапалы. Тіпті кейбірі үйір-үйір жылқысын жайлымға жіберуге қорқып, қорасында қамап ұстап отыр. Өйткені осы жерде жүрген малдардың аптасына 5-6 жоғалады екен.

Қос облыстың ортасында сергелдеңге түскен малшылар базынамызды енді кімге айтамызды деп ашулы. Ал істі бір-біріне сілтеген Атырау мен БҚО-ның полиция департаменті малды жайылымға жіберген шаруалар өздерінен көрсін деп отыр. Тіпті төрт түлікті өз еркімен далада жайғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз дейді.        

Гүназира Мұхтарова, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Малдарды өріске басқташысыз өз бетімен жіберген болса бұл азаматтар жаңағы айтқандай әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408 бабына сай әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Атырауда ауыл малдарын шыр айналдырғандар қолға түсіру оңайға соқпай тұр. Ал заңнан күдерін үзгендер енді ішкі істер министрлігіне шағымданамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде