{metadescription}
Атырау облысында үй тонайтын қылмыстық топ құрықталды
Атырау облысында үй тонайтын қылмыстық топ құрықталды

Атырау облысында үй тонайтын қылмыстық топ құрықталды

Атырау облысында үй тонайтын қылмыстық топ құрықталды. Оларды арнайы жасақ аңдып жүріп қолға түсірген. Бағалы зат пен ақша ұрлаушылар бірнеше мәрте қулығын асырып ұстатпай жүріпті.

Тұрғындардың айтуынша, күдіктілер өзін газ қызметкеріміз деп таныстырады екен. Мұржа мен көгілдір отын құбырын тексерген сыңай танытып, үй ішінде бағалы заттардың бар-жоғына көз жеткізетін көрінеді. «Тіпті әдейі уақыт созып, құнды дүние мен ақшаны алғанша шықпайды» - дейді жәбірленушілер. Алайда тәртіп сақшылары, ұсталғандардың ұрлықты нақты қалай жасағаны әлі жіті тексеріледі дейді. Қолға түскендердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексіріліп жатыр.

Гүназира Мұхтарова, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Жүргізілген жедел іс-шарада пәтер ұрлығына қатысты күдікті 1995,1994 жылы туған екі бірдей Құлсары қаласының тұрғындары анықталып ұсталды. Күдіктілердің 10-нан астам пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. ҚК 1888-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде