{metadescription}
Марқұм ұшқыштың жары: Жыламайын, о дүниеде алаңсыз жүрсін...
Марқұм ұшқыштың жары: Жыламайын, о дүниеде алаңсыз жүрсін...

Марқұм ұшқыштың жары: Жыламайын, о дүниеде алаңсыз жүрсін...

Алматы облысында әуе апатынан опат болғандар бүгін жер қойнына тапсырылды. Қызмет барысында қаза тапқан 4 әскеримен туыстары, әріптестері мен ауылдастары қоштасты. Сол апаттан зардап шеккен бір науқастың жағдайы жақсарып келеді дейді дәрігерлер. Тек экипаж командирі Артем Аширов әлі хәл үстінде жатыр.

Авиация бөлімінің штурманы Ғабит Барлықбаевты ет жақындары бүгін жер қойнына тапсырды. Қоштасу рәсімі майордың туып-өскен Алматы облысының Бақтыбай ауылында өтті. Қара жамылған отбасы антына адал болған атпалдай азаматтың қазасына көндігуден басқа амал жоқ деп отыр. 

Есімде Барлықбаев, Ғ. Барлықбаевтың әкесі:

- Мен өзім армандадым. Кеңес үкіметінде ол алыс болатын. Сосын балаларым ұшқыш болса екен деп армандадым. Балаларым үмітімді ақтады. Ғабитөгім, қолбасшыларының үмітін ақтап, өз ісінің маманы болды. Үш балам антына берік болсын деп аманат қылдым. Халқына қызмет қылсын деп. Антын орындады.

36 жастағы Ғабиттің артында аңырап жан жары мен кәмелет жасына толмаған үш бірдей баласы қалды.   

Гүлзира Орманбекова, Ғ. Барлықбаевтың жары:

- Отбасы болғалы еркелеп, ештеңкеге алаңдамай жүрдік. Өзі алаңдатқызбай, бәрін рет-ретімен жасайтын. Сенгісіз жағдайда тұрмыз. Шок болып тұрмыз әлі. Көзің ашық тұрса, сенбейсің. Бәрі түсің сияқты. Шиет кетті ғой. Жұмаққа барады. Сол ғана мені тыныштандырады. Бізге уайымдамай, сол жақта алаңсыз жүрсін деп өз-өзімді ұстап тұрмын.

Қызмет басында бақилық болған тағы үш әскериді де туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ал Алматы қаласының бас дәрігері қайғылы оқиғадан зардап шеккен бір азаматтың өміріне төнген қауіп сейілгенін айтты. Тек 31 жастағы экипаж командирі Артем Ашировтың жағдайы әлі өзгеріссіз. Бүгін оның хал-ахуалын білуге ауруханаға курстастары келді.

Бақтияр Ақмурзинов, А. Ашировтың курстасы:

- Мамандығын жақсы көретін. Әр ұшқыш өз мамандығын жақсы көреді. Танитын адамың осындай жағдайда жатса – қиын. Тез жазылып кетсін. Әйелі мен екі баласы бар. Бір баласы жақында туған, қырқынан да шықпады. 

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласынан көкке көтерілген Шекара қызметінің Ан-26 әскери ұшағы Алматы әуежайының ұшып-қону жолағына жете алмай құлап, лезде отқа оранған болатын. Әуе кемесінің бортында болған 6 адамның төртеуі оқиға орнында қаза тапты. Қазір арнайы құрылған комиссия апаттың себебін анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде