{metadescription}
Локдаун: Енгізілетін қатаң шектеулер қандай?
Локдаун: Енгізілетін қатаң шектеулер қандай?

Локдаун: Енгізілетін қатаң шектеулер қандай?

Елде коронавирус жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеп, ақпанда 30 пайызға азайғанымен, кей өңірлерде жағдай оңалмай тұр. «Қызыл» аймақтағы елорда мен Алматыға енді Батыс Қазақстан облысы қосылды. Бас қалада тіпті локдаун енгізіліп, қатаң шектеулерге қайта оралып жатыр.

Дегенмен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың вакциналау науқанынан үміті зор. Ұжымдық иммунитеттің арқасында қалыпты тіршілікке қайта ораламыз дейді ол. Енгізілгелі жатқан қатаң шектеулер қандай?

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші ақпанда 30 пайызға азайғанымен, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында эпидахуал қиындай түскен. Жағдайды тек вакциналау оңалтуы тиіс деп санайды денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Вакциналаудың әсері сезілу үшін әуелгі кезде иммунитет қалыптасып үлгеруге біраз уақыт керек. Одан соң вакциналау әсері күшейе түседі де, ол елдегі эпидахуалдың тұрақталуына ықпал етеді. Әзіргі жоспарымызбен сәуір айында күн сайын кемі 500, ең арысы 1700 адам жұқтырып отырады деп болжап отырмыз.

Қазіргі жағдай: «қызыл» аймақта елорда мен Алматы қалаларының қатарына бүгін үшінші болып Батыс Қазақстан облысы да кірді.

Ақмола, Атырау, Алматы мен Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Қалған өңірлер әзір ең қауіпсіз – «жасыл» аймақта. Соның ішінде бас қаланың «қызыл» аймаққа кіргенін ескеріп, астанада наурыздың 21-іне локдаун жарияланды. Сол күні қалада сауда үйлері қайта жабылады. Тек ондағы дәріханалар мен тамақ және аса қажетті затттар сататын дүкендерге ғана рұқсат. Сондай-ақ жабық азық-түлік емес базарлар, жабық спорт нысандары, ХҚКО сынды мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ал 18-наурыздан бастап бас санитардың жаңа қаулысымен қатаң шектеулер енгізіледі. 

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:

- Дезинфекциялық жұмыс жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көлік тоқтатылады. Сенбі және жексенбі күндері фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, спорт-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) жұмысына тыйым салынады.

Дәмханалар 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал кинотеатрлар қайта жабылады.

Жағдай ушыға түссе, «қызыл» аймақта тұрған Алматыда да локдаун жарияланып, қатаң карантин қайта орнауы мүмкін. Қалада әзірге 3400 аурухана төсегінің 60 пайыздан астамы бос. Қосымша 7 мың төсек дайын тұр. Бірақ қалада күніне коронавирусты 500 адам жұқтыра бастаса, оның бәрі әп-сәтте толып қалады. Сондықтан күніне 300 адам жұқтырған жағдайда, қалада локдаун орнатылып, қатаң шектеулер енгізіледі.  

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елде төтенше жағдай жарияланғанына бүгін тура бір жыл толып отыр. Арада жыл өтсе де, ел ішінде әлі әбігер. Ақпанда басталған жаппай вакциналауды әзірге 76 200 адам ғана салдырған. Ал елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін екпе  6 миллион адамға салынуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде