{metadescription}
Ақтөбе облысынан табылған «алтын адамды» зерттеу нәтижесі  
Ақтөбе облысынан табылған «алтын адамды» зерттеу нәтижесі  

Ақтөбе облысынан табылған «алтын адамды» зерттеу нәтижесі  

Ақтөбе облысында екі жыл бұрын табылған «алтын адамды» зерттеу нәтижесі жарияланды. Ғалымдар оны сармат дәуірінің көсемі деп отыр.

Археологтар ерекше жәдігерді Тасқопа қорымынан қазып алған. Дегенмен қалпына келтіру қиынға соққан. Себебі, ерте заманда қорым тоналған. Сол кезде алтынның біраз бөлігі қолды болыпты. Дегенмен Санкт-Петербордағы тарих институты мамандарымен бірлесіп, көсемнің киген киімі мен сауыт-сайманын қалпына келтіріпті. Ал антропологиялық тұрғыда қалпына келтіре алмайды екен. Тек көсемнің ер адам, жасы 40-қа жетпегенін айтады. Тарихшылар бұл «алтын адам» осыған дейін табылған жәдігерлерден ерекше деп отыр. Тек көсемнің өзі ғана емес, мінген аты да алтынмен апталған. Онымен қоса қару-жарағы да алтыннан құйылыпты.

Бауыржан Байтанаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институты директоры:

- Бұл сармат кезіндегі жәдігер болып отыр. Осыдан екі жарым мың жылдан бұрын осы жерде көптеген көне тайпа болған. Сауыт, садақ салатын сауыт «горна» деп атайды. Ол Қазақстанда тұңғыш кездесіп отыр. Бұл сонау Қара теңіз жақтағы скиф тайпаларына ұқсас.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде