Көмек қажет: Қос бүйрегі істемей қалған азаматтың хәлі нашарлап барады
Алматыда қос бүйрегі істемей қалған азамат жомарт жандардан көмек сұрайды. Жаны қиналған бірінші топтағы мүгедектің хәлі күн өткен сайын нашарлап барады.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
17.03.2021
Данияр Тұрарбек аптасына үш рет ауруханаға барып, түтікше арқылы қанын тазартады. 2019 жылы қос бүйрегі жұмыс істемей қалған жігіт ағасының тіршілігі осы құрылғыға байланған. Денсаулығы күннен-күнге нашарлап барады. Дәрігерлер аурудан айығудың жалғыз жолы – трансплантация екенін ашық айтыпты. Қазақстанда тек туыстарының бүйрегін салып беруге рұқсат етілген. Алайда Данияр ағзасын беруге ет жақындарымның денсаулығы жарамайды дейді. Науқасқа тек Түркияның дәрігерлері донор тауып беруге дайын. Алайда отаның құны 20 миллион теңге. Бірінші топтағы мүгедектің екі баласы бар. Отбасын асырау әзірге еден жуып нәпақа табатын жұбайының мойынында. Өзінің алатын зейнетақысы дәрі-дәрмектен артылмайды. Сондықтан Даниярға қолұшын созып, көмек көрсетемін деген азаматтар төмендегі телефон нөміріне хабарласа алады.
Данияр Тұрарбек, бірінші топтағы мүгедек:
- Өз бетіммен тамақ қорыта алмаймын. Кіші және үлкен дәретке шыға алмаймын. Қан қысымым көтеріледі. Артық тамақ іше алмаймын. Гемодиализдің арқасында өмір сүріп жүрмін. Бала-шағамды аяқтан тұрғызу керек. Сондай мақсатпен халықтан көмек сұрап отырмын. Өзіміздің жағдайымыз жоқ.
Реквизиттері: Каспи Голд (жары Жанар)
51 69 49 31 50 81 85 68;
ИИН 88 07 01 402 015
+7 (707) 732 59 89
Халық банк
4405 6398 1099 1099
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!