{metadescription}
Ақтөбе облысында шенеуніктер көктемгі тасқынға үміт артып отыр
Ақтөбе облысында шенеуніктер көктемгі тасқынға үміт артып отыр

Ақтөбе облысында шенеуніктер көктемгі тасқынға үміт артып отыр

Ақтөбе облысында шаруалар құрғақшылықтан зардап шегуі мүмкін. Себебі, биыл қар аз түсіріп, су қоймаларының жартысы толмады. Жиналған су деңгейі қазір небәрі 20 пайызды құрайды. Ал экологтар мұны табиғи апатқа балайды. Шенеуніктер бар үмітін көктемгі тасқынға артып отыр.

Ақтөбедегі ең ірі су қоймасының сыйымдылығы 245 миллион текше метр. Қазір мұндағы ылғалдың көлемі 50 миллион текше метр, ол жартысына да жетпейді. Ал мамандар көктемгі тасқынға үміт артып отыр.        

 

Аймақтағы бұдан өзге тағы екі су қоймадағы жағдай одан да мүшкіл. Соңғы үш жыл қатарынан жөнді су жиналмады. Былтыр тіпті тоң қатпай, қыста жауын болмады. Биыл тек ақпанның соңы мен наурыздың басында қар түскен. Бірақ ылғал қорын жинауға оның көмегі болмайтын сияқты.

 

Әділжан Әлізақ, «Қазсушар» РМК Ақтөбе облысы филиалының директоры:

 

- Қарғалы су қоймасында қазір сыйымдылығы 280 миллион, қазір 35 миллион бар, яғни 10-ақ пайыз. Қалғаны бос болып тұр. Жауын-шашын аз, құрғақшылық болып тұр.

Экологтар жауынның аздығымен қоса, шенеуніктердің де судың тартылуына кінәсі барын айтады. Алдыңғы жылдары өзен табанын тазартуға білек сыбана кіріскендер бұлақтардың көзін бітеп ттастаған. Соның кесірінен бұл бағдарлама тоқтатылып, аймақтағы сегіз өзен тартылып қалған.

 

Александр Мандрыкин, эколог:

 

- Биыл су болмаса, шаруалардың жағдайы қиындайды. Әсіресе егін егіп отырғандарға қиын. Соңғы жылдары ылғалдың аздығынан тиісті деңгейде су ала алмай отыр.  

Мамандар күннің күрт жылынуын тілеп отыр. Өйткені биылғы тоң қалың.

 

Құмар Тұрмағанбетов, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:

 

- Қазір жерге түскен тоң көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Мысалы, Ақтөбе жақта 90 см, былтыр 12 см болған. Бұл жерде тоң болғасын, қазір аяқ астынан қар тез ерісе, су жерге сіңіп үлгермейді, бәрі өзендерге құйылады.

Мамандар тартылып қалған Ақтөбе маңындағы сегіз өзен мен былтыр күзге жетпей табаны құрғаған Ойыл мен Ырғыздың арнасы суға толар-толмасын нақты айта алмайды. Оны тек күн жылынғанда көреміз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде