БҚО-да құмды дауыл тұрғындардың діңкесін құртты
Еліміздің батысында құмды дауыл тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Маңғыстау облысында осымен екінші күн құм аралас жел соғып тұр. Соның салдарынан Жаңаөзенде үйлердің шатыры ұшып, көк шаңда көлік қозғалысы қиындады.
Автор: Айман Нұрмағанбет, Тәуірбек Бозекенов
17.03.2021
- Жігіттер, міне, жолда тұрмыз. Бекінің үсті. Бекі мен Жетібайдың ортасы. Алдымызда түк көрінбейді. Көліктер тапжылмай тұр. Боран болып жатыр...
Табиғаттың тосын мінезінен тас жолдар жабылып жатыр. Құмдауыттан қарыс қадам көрінбейді. Жолда көлік апаты көбейген соң, республикалық маңызы бар Шетпе – Сайөтес - Бейнеу бағытындағы қатынас тоқтатылды. Құтқарушылар мен полицейлер тұрғындарға дауыл басылғанша, алыс сарапға шықпауды ескертеді.
Атырауда да жағдай мәз емес. Мұнайлы аймақты тұтас шаң басқан. Қала аумағында 70 метр, ал далалықта 40 метрге дейінгі жер ғана анық көрінеді. Алай-дүлейде көшедегі адам қарасы азайған. Мамандар шаңды дауыл тоқтамай күшейе берсе, барлық бағыттағы жолдар жабылуы мүмкін деп отыр.
Мейіргүл Ағиляжова, ауа райын болжаушы:
- Қазір желдің екпіні секундына 20-23 метрге дейін жетті. Алдағы екі-үш күнде жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз солтүстік батыстан қатты жел соқса, түнде -3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!