Бес адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен фирма директоры ұсталды – Түркістан облысы
Түркістан облысында бес адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен фирма директоры ұсталды. Ақпан айының соңында газға уланып көз жұмған отбасының үйіне аталмыш мекеме газ құрылғысын орнатқан екен.
Автор: Бек Әбиев
17.03.2021
Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Ол Түркістан қаласының тұрғыны. Фирма директоры. Оған қатысты Түркістан облысы полиция департаментінің тергеушілерімен ҚР ҚК 306-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Әзірге жалғыз адам ұсталғанымен, күдіктілер саны көбеюі мүмкін дейді полицейлер. Газ жабдығын орнатқан фирма директорының кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Ақпан айының соңында Түркістандағы жер үйлердің бірінде бес адамның мәйіті табылған. Иран пешін қолданған отбасы газға уланып, 40 жастағы әйел мен оның 4 баласы көз жұмған. Қайғыдан қан жұтқан отбасына облыстағы барлық мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын аударды. Аталмыш оқиғадан кейін Түркістан облысындағы газбен жылитын барлық жер үй тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!