{metadescription}
Менеджерлердің фитнесі мен санаторийіне 40 миллион жұмсалған
Менеджерлердің фитнесі мен санаторийіне 40 миллион жұмсалған

Менеджерлердің фитнесі мен санаторийіне 40 миллион жұмсалған

Үкімет түгілі, ұлттық компания менеджерлерінің фитнесі мен санаторийі де бюджеттің мойнында екен. Былтыр осы мақсатта 40 миллион теңге жұмсалыпты. Мұны естіген мәжілісмендер бүгін біраз тулады.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, мысалы, жұмысы өнімді болмай, пандемия кезінде дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен адамдардың өліміне әкеліп соққан «СК Фармация» басшылығы өзіне ондаған миллион теңге сыйақы жазбас еді. Немесе тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорынның бірі менеджерлерінің фитнеске, спа-салонға баруы үшін салық төлеушілердің қалтасынан 40 млн теңге төлемес еді. Бұл жәй ғана жария болған фактілер.

Менеджерлердің араны әсіресе мемлекеттік сатып алулар кезінде ашылады екен. Бүгін тендердің шаруасын реттейтін құжатты бірінші оқылымда мақұлдаған депутаттар квазимемлекеттік сектордағы былықтар жойылып, жағдайдың өзгеретініне сенімді. Өйткені заң нормалары «Самұрық-Қазына» қорының, «Бәйтерек», «ҚазАгро» холдингтерінің ғана емес, сондай-ақ сатып алудың жалпы сомасы жыл сайын шамамен 3 жарым триллион теңгені құрайтын 253 ұлттық компания мен олардың еншілес ұйымдарының қызметін жөнге келтірмек. Дегенмен шенеуніктер бұл заңмен әлі де жұмыс істеуі тиіс. Әйтпесе, Нығматулиннің сөзінше, Түркістандағы футбол алаңының бассейнге айналуы сияқты мәселе қайталануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде