{metadescription}
Премьер-министрдің жолына қазынадан қанша қаржы жұмсалады?
Премьер-министрдің жолына қазынадан қанша қаржы жұмсалады?

Премьер-министрдің жолына қазынадан қанша қаржы жұмсалады?

Премьер-министрдің қызмет барысында жол қатынасына 578 миллион теңге жұмсалады. Үкімет алғаш рет премьер-министр мен оның орынбасарларының қызметтік іс-сапарлардағы жолақысына мемлекет қазынасынан қанша жұмсалатынын ашық жариялады.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, биылғы маңызды ұшу бағыттарына деп осынша қаражат қарастырылған. Үкімет басшысы мен оның орынбасарларына деп арнайы бөлінген ұшақ жоқтығын айтып отыр. Дегенмен оларды Президент іс басқармасының «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы алып жүретінін жасырмады.

Үкіметтегілердің бұлай ақталып мәлімдеме таратуына әлеуметтік желідегі жазба себеп. Онда премьер-министр мен вице-премьерлер және министрлерді, оған қоса Сенат пен Мәжіліс төрағаларын тасымалдауға жыл сайын 15-20  миллиард бөлінетіні айтылған. Баспасөз қызметіндегілер мұны негізсіз айыптау деп отыр. Жазбада айтылған қызыл-қара уылдырық, арақ-виски, экзотикалық жеміс-жидектер дегенді де мойындаған жоқ.

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі:

- Бір сағатқа дейінгі ұшу барысында жолаушыларға алкогольсіз салқын сусын, ал 1-3 сағат аралығындағы ұшу кезінде ыстық тамақ пен шәй беріледі. Борттағы тамақтандыру «Әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану туралы» заңымен және әуе көлігімен жолаушыларды, жүктерді тасымалдау ережелері мен және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сай орындалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.