{metadescription}
Ковид-19: Елімізде демалыс күннің локдауны енгізіліп жатыр
Ковид-19: Елімізде демалыс күннің локдауны енгізіліп жатыр

Ковид-19: Елімізде демалыс күннің локдауны енгізіліп жатыр

Карантиннің сақталмауы коронавирустың көбеюіне басты себеп. Соңғы бір аптаның өзінде өсім 12 пайызға артқан. Нұр-Сұлтан мен Алматыда жағдай алаңдатарлық. Сондықтан елде демалыс күннің локдауны енгізіліп жатыр.

Оның үстіне әр өңірдің санитарлары жағдайға қарай қосымша шектеу қолдана алады. Дегенмен қалаларды карантинге жабу мәселесі әзірге көтерілмеген.

Соңғы аптада науқас саны 12 пайызға артып, Қазақстан «жасылдан» «сары» аймаққа ауысты. Дерттің қайта дендеуіне қарапайым талаптардың орындалмауы себеп дейді санитар дәрігерлер. Соның салдарынан осы аптадан демалыс күнгі локдаун енгізіледі.

Ерлан Қиясов, ҚР бас санитар дәрігері:

Негізінен Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жағдай ушығып тұр. «Сары» аймақтағы Алматы, Қарағанды облыстары және «қызыл» аймаққа енген Батыс Қазақстан облыстарында да жағдай мәз емес. Әр өңірдің бас санитарлары ахуалға қарай қосымша шектеу шараларын енгізе алады.

«Әсіресе Наурыз мейрамын атап өтуде аса сақ болу керек», - дейді мамандар. Салтанатты шаралардан бас тартып, тіпті отбасылық отырысқа артық адам шақырмауға кеңес береді. Өйткені өткен мерекелердің салдары қазір шығып жатыр.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі:

- 8-наурыз мерекесі уақытында бізде халықтың карантин талаптарына бейжай қарағынының әсерінен бүгінгі күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында науқас саны көбеюде. Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарының қаулысына сәйкес, 18-наурыздан бастап карантин күшейтіледі.

Егер елде ғана дерттің дендеуі 12 пайызға артса, бұл көрсеткіш Қарағанды облысында тіпті 33,2 пайызды құрап отыр. Соның салдарынан Қарағанды, Теміртау, Шахтинск секілді сегіз аудан мен қалаларда карантин күшейтілген.

Айгүл Шатекова, Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиология бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Тыйым салынғанына қарамастан, бұқаралық іс-шара фактілерін анықтау жалғасуда. Бұл кейіннен аурудың тікелей таралуына әсер етеді. Алда бізді Наурыз мейрамымен байланысты ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Сондықтан санитарлық талаптар туралы тағы да еске саламыз. Бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар.

Жағдайды тек вакциналаумен оңалтуға ниетті денсаулық сақтау министрлігі қазір осы шаруаға ерекше екпін қойған. Бүгінде  83 839  адам бірінші компонентін, ал 19 мыңнан астам азамат екінші компонентін қабылдаған. Әзірге тек ресейлік екпе салынып жатыр. Сәуірдің соңына қарай қазақстандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы шығарылады.

Қазір шетелдік вакциналар бойынша келіссөздер әлі жүргізіліп жатыр. Кері әсері бар екені дәлелденген AstraZeneca вакцинасынан Қазақстан бас тартты. Эпидахуал ушыққанына қарамастан, қалаларды карантинге жабу мәселесі әзірге көтерілмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде