Қарағанды түрмесінде әйелдер ең үлкен бауырсақ қуырды
Қарағанды түрмесіндегі жазасын өтеуші қыз-келіншектер ең үлкен бауырсақ пісірді. Ұлыстың ұлы күніне арнаған асты дайындау оңайға түспепті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.03.2021
Алып бауырсақтың қамырын илеуге 8 келі ұн, 80 грамм ашытқы жұмсалған. Ал пісіруге 10 литр сұйық май кетіпті. Ашығын нанды жаюдың өзіне аз күш жұмсалмаған. Алайда оны қайнаған майға салғанда, бауырсақтың сырты пісіп, іші шикі болып қалған. «Кеңесе келе, оның да ебін таптық», - дейді. Қамырды ыстыққа бір аунатып алғаннан кейін, бөлек ыдысқа шығарып алған. Сосын қайнап тұрған майды қамырдың үстіне әлсін-әлсін құю арқылы көтеріпті. Қазан ошақтың басында алысып жүріп, диамерті 120 сантиметрлік, салмағы 3 келіден асатын ас атасы ақыры дайын болған. Түрме басшылығы бұл бәлендей рекорд болмаса да, жазасын өтеушілерді бір серпілткенін айтады.
Гүлбақыт Дауылбаева, АК 159/20 түзеу мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы:
- Мекеменің әкімшілігі осы ұсынысты, сотталғандарға бастамасын қолдап, бауырсақты дайындауға азық-түлігі мен қазанын ұсынды. Бауырсақты әзрлегенде өздерінің үйін, ақындап келе жатқан көктемдік мерекенің жылы лебін сезінуге мүмкіндік берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!